
2.Алтайдағы қасиетті орындардың бірі — Мұзтау (4506 м.). Мұзтау — Алтай тауының ең биік шыңы. Үндінің қасиетті аңыздарында Мұзтау ды «төрт мұхиттың кіндігі» деп сипаттайды. Шынында да, Мұзтау Солтүстік мұзды мұхит, Тынық мұхит пен Үнді мұхит сияқты үш мұхиттың дәл ортасында орналасқан. Ежелгі жазбаларда ол «Жер кіндігі» деп аталады. Мұзтауда ежелгі адамдар өмір сүрген үңгірлер, түркі заманынан қалған ескерткіш көп. Ең терең үңгір «Экологиялық» деп аталады. Оның ұзындығы — 3 шақырым, ал төмен қарай 345 метрге созылған. Ары қарай жерасты өзені басталатындықтан, зерттелмеген.
Жер шарының энергетикалық өрісі Мұзтауда тоғысқан. Оның энергетикалық өрісі ғарышпен байланысты. Келген адамдарға Мұзтау күш береді, денсаулығын түзейді Адамдар біресе Мұзтаудың әдемілігіне қызы ғады, біресе қасиетіне таңғалады.
ответ:Бала кезімізде ортаға буы бұрқырай келген тамаққа асығыстап қол сала бастасың, әжеміз білегіңді қағып: «алдымен «бисмилла» де, сосын нан үз, тамақ қайда қашар дейсің?» деп тыйып тастайтын. Сол әдет пе, құранды жиындарға барсам, имам дұға бағыштамай дастарханға тұра ұмтылған адамдардың әрекетін ерсілеу көремін. Тамаққа шыдамсыздық – нәпсінің бір түрі.
Қазір өлім-жітім көп. Азалы әулет бақилық болған жақынына ағайын-туысын, жақын-жамағайынын, құда-жегжатын шақырып, жетісінде, қырқында, жылында ас береді. Көпшілік жиылған асты имандылық асханаларында берген ыңғайлы, әрине. Бір мезгілде келеді, бір мезгілде қайтады. Бір өкініштісі, батаға ертелеу келген жамағат дастарханға отырысымен-ақ, имам дұғасын күтпей, қасық-шанышқыларын тәрелкелерге сүйкеп, сақырлата бастайды. Қайда келді? Не мақсатпен келді? Жайнаған дастарханды көрген соң барлығы әдірәм қалған. Қатырлатып шайнап жатыр, сылқылдатып жұтып жатыр. Бейне думанды тойға келген сияқты. Әлден уақ имамның құран бағыштай бастаған үні естіледі. Бұл кезде әлгілер кекірініп, тойынып-ақ қалған. Майлы қолдарымен бет сипап алып, тамақ жеуге қайта кіріседі. «Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз» деуші едік, тым болмағанда осындай азалы жиындарда ас нәпсісін тыйуға ерік-жігер таба алмағанымыз ба? Әлде, әр үстелге «имам бисмилла десін де?» деп, білекті қағып отыратын бір-бір әжеден отырғызып қоямыз ба
Объяснение:
арен жаздым лайк басшы