
Қожа Ахмет Ясауи кесенесi тек ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ғана емес, сол сияқты ортағасырлардан сақталған бай тарихи мұраларды сақтап отырған киелi орын ретiнде де тарихта белгiлi орны бар ескерткiш. 1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде ашылып халыққа қызмет көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болған.
Музей қорына қабылданған алғашқы жәдігерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ХIV ғасырдан сақталған, Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған қола және ағаш бұйымдар. Олар тайқазан, шырағдандар, және қазандық, қабірхана есіктері, олардың қола халькалары мен балғашалары. Бұл қола бұйымдар туралы алғаш ғылыми деректер ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жариялана бастады. Мысалы, М.Е.Массон мен А.Ю.Якубовскийлер жалпы сипаттама жасаған болса 1960 жылдары Санкт-Петербургтағы Эрмитаждың шығыстанушы ғалымы А.А.Иванов кесенеде Әмір Темір дәуірінен сақталған бірнеше затқа толық анықтама жасаған болатын.[1]
Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлер қатары: келген адам ғимарат ішіне кіретін есіктерден бастау алады. Жәдігер есіктер жамағатхана бөлмесінің есігі «Қақпа» және Қабырхана есігі «Қапсырма». Шеберлер есіктің берік және әсем жасалуымен қатар, рәміздік мән-мағынасын арттыру үшін оған символдық мәнге ие ою-өрнектер, терең мағыналы хадистер мен нақыл сөздердің бедерленуіне көңіл бөлген. Есіктер екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен өрнектелген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен жапсырып әшекейленген өрнектерінің біразы тозып жойылған. Қақпа есіктің орта бөлігінде есікті қағуға арналған екі қола алқа мен оларды орнататын топса-тұғырлары бар тік төртбұрышты тақташалар орналасқан. Алқаның топса-тұғырлары барыстың басы бейнесінде сомдалып, одан төменірек алқаның өзінде барыстың екі кішкене аланының бейнелері сомдалған. Қола тақташада алқаның ұрылып дыбыс шығаруына арналған сегіз жапырақшалы гүл бейнесіндегі кішкене төстігі бар. Екінші есік қабірхана есігі-Қапсырма. Жалпы пішіні Жамағатхана есігіне ұқсас, есіктің жоғарғы тұсында екі алқаның дөңгелек қола тақташалары және гүлге ұқсас сегіз жапырақты кішкене төстігі сақталып, алқаларының өздері жоғалған. Деректер бойынша жоғалған алқалар қақпа есіктің алқаларына ұқсас, сондағы жазулар да қайталанып жазылған.
Объяснение:
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр. Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі. Оның дәлелі археологиялық, палеоэтнографиялық деректер. Біздің жерімізде мекендеген андронов тайпаларының қыш құмыраларындағы ою-өрнектер кейінгі қазақтың бау, басқұрларындағы нақыштарға ұқсайды. Андроновтықтардың тастан салған үйлері, шаруашылық құрылыстары, құдықтары кейінгі қазақтың осындай құрылыстарында көрініс тапқан. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының да мәдениеттерінің қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуына әсері аз болмаған. Ерте ортағасырларда бүгінгі Қазақстан жерін және көрші аймақтарды мекендеген таза түркілік этностар және мемлекеттер тұсында бүгінгі қазақ халқы дәстүрлі мәдениетінің, тілінің негізі қалыптасты. Жалпы мәдениетті, әдетте, шартты түрде екіге бөлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет. Түркі өркениеті. Түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ю.Худяков айтқандай, көнетүркілік этнос пен мәдениеттің өмір сүруінің аяқталуы және көнетүркілік мұраның өзге көшпелі этностардың мәдениеттерінде сақталып қалынуы ерте және дамыған орта ғасырларға тура келеді.Э.Тайлордың өркениетке берген анықтамасы бойынша, оны жекеленген адам мен бүтін бір басты қоғамды жоғары бір деңгейде ұйымдастыру арқылы олардың ізгіліктілігі мен қуатын күшейтуге, бақытты өмір сүруіне жәрдемдесу мақсатында, жалпы адамзат тегін жетілдіруге қаратылған іс-әрекет деп білу керек.