Қазақстан көлдері туралы мәлімет.
Кең байтақ еліміз көлдерге бай. Көлдер, әсіресе, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі тұйық ойпаңдарда жиі орналасқан. Қазақстанда ірілі - ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың басым көпшілігі ұсақ көлдер болғанымен, 21 көлдің ауданы 100 км2 асады. Көлді аудандар қатарына Каспий маңы және Тұран ойпаттары, Батыс Сібір жазығы, Сарыарқаның аласа таулы бөліктері мен оңтүстік - шығыстағы таулы аудандар жатады.
Қазақстан көлдері шығу тегіне байланысты бірнеше типке бөлінеді. Тектоникалық көлдер қатарына Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз - Қорғалжын тобындағы көлдер, Көкшетау көлдері жатады. Реликті (қалдық) көлдер ежелгі жазықтарға тән. Қазақстанның ең ірі қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері. Олар біртұтас су айдыны болған Тетис теңізінің орнындағы қалдық көлдер болып табылады. Мұздық көлдер биік таулы аймақтардағы ежелгі мұз басу аудандарында шоғырланған. Алматы маңындағы Үлкен Алматы көлі шығу тегі жағынан мұздық көл болып табылады.
Еліміздегі көлдердің тереңдігі 2 м-ден 8 м-ге дейінгі аралықта ауытқып отырады, кей жерлерде одан да терең болады. Атап айтқанда, Алакөлдің тереңдігі - 54м, Үлкен Шабақты - 37 м, Шортанды - 31, Марқакөл - 27, Балқаш - 26 м.
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.