MishaDen3009
29.10.2021 15:45

НАПИСАТЬ КОНСПЕКТ ПО ТЕКСТУ Ежелгі Қазақстан қалаларының ішінде Отырардың аты екі жайтқа байланысты ерекше
айтылады: 1) ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған қала ретінде кеңінен танымал;
2)әлемдегі ең ірі кітапхана орналасқан мәдени орталық ретінде белгілі. Алғаш рет «Отырар»
және «Фараб» атаулары біздің заманымыздың IX ғасырындағы жазба деректерде кездеседі.
Отырар XIII ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арасындағы жолда ірі сауда
орталығына айналды. Себебі Ұлы дала арқылы өткен Ұлы Жібек жолы - өркениеттің кепілі
болды. Түркі қағанаттары жалпыадамзаттық өркениетті ұштастыра айтты. Батыс пен Шығыстан
өздері де үйренді, өзгелерге де үлгі көрсетті. Алтын мен күміс бұйымдарға, «Мәңгілік
тастарға», өгіз терісіне, қағазға басылған жазулар, теңгелердегі таңбалар - соның дәлелі.
«Шығыстың гүлдену дәуірі» тұсында христиан уағызшылары мен тақуалары өртеген
Александрия кітапханасын қайта түлету мақсатында араб халифаттары Харун әл-Рашид (786-
809) пен Мамун (813-833) «Даналық үйін» («Байт әл-Хикма») ашады. Аса бай кітапхана,
расытхана ашады. Ғылымның барлық саласына арналған кітаптарды бір орталыққа жинап,
ғылыми-зерттеу, аударма, кітап шығару істерімен белсене айналысады. Бұл ислам ықпалына
көшкен Орта Азиядағы Хорезм, Бұқара, Самарқан, Отырар шаһарына да тікелей әсер етті.
др қалада өз «Даналық үйлер» ашылды. Жібек жолының бойымен керуен бастаған көпестер
ең құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне кітап сыйлауды дәстүрге айналдырды. Тіпті,
бұл мемлекеттік рәсім ретінде қабылданып, ресми сипат алды. Отырар кітапханасындағы
қолжазба кітаптарды қала тұрғындары ғана емес, шалғайдағы басқа қаланың тұрғындары да
пайдаланды.
Отырар қаласына Мимун халиф ерекше көңіл аударған. Ол араб ғылымы мен мәдениетінің
ең озық үлгілері мен ғұламаларын, сахабаларын Отырарға аттандырды, кітапханалар мен
мектептер, медреселер мен мешіттер салдырды. Сондай «Даналық үйінен» Әбу Насыр әл-
Фараби де дәріс алды.
(Т. Жұртбай)​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Мишка1911
17.05.2022 03:46

Ортағасырлардағы көшпенділердің мәдениеті.

Қазақстан жерінде VI-XII ғ.ғ. өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр, түркі дәуіріндегі материалдық мәдениет қалдықтарының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған археологиялық қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола алады. Зерттеулердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші белгілі. Олар негізінен Сырдария бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі обалардан көбірек кездесетін заттар: қол диірмендер, үккіштер, темір орақ т.б. құрал-жабдықтар. Бұлар ол кездегі халықтардың егін шаруашылығымен айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі тайпаларының мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер), құрал сайман, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың ұштары т.б. көрсетеді. Олардың барлығы сол кездегі түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді. Сондай-ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің зираттарынан құрал-саймандар, қару-жарақтармен қатар қолөнер бұйымдар, әшекейлік заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар т.б. бар. Кіселер алтын, күміс және қымбат, бағалы тастармен безендіріліп отырған. Түріктер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездеседі. Сонымен қатар Қазақстан аумағын қоныстанған түркілер бірсыпыра ескерткіштер – қоргандар, жеке қабірлер , адамның тірі кезіндегі қасиеттерін тастан жасалған бейнесінде беруге тырысқан балбалдар тізбегін , тастан үйілген мола үлгілерін қалдырды. Молалардан темірден жасалған үзеңгі, санақ ұшының жаңа үлгілері , семсер , қылыштар, металдан жасалған түрлі әшекейлер жапсырылған жорық белдіктері табылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ЛордТарнум
17.05.2022 03:46

ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

1. Мысыр пирамидалары

Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.

Көлеміжағынанеңүлкенпирамида – Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота