Еліміздің жыл басында күтер ең маңызды жаңалығы – Елбасының халыққа Жолдауы. Себебі, кез келген ел болашағының жарқын болуын армандайды, атар таңға сеніммен, үлкен үмітпен қарайды. Қазіргі уақытта әлемде түрлі техногендік апаттар, катаклизмалар орын алып жатқанда халықтың жарқын болашақты, бейбіт өмірді аңсауы заңды құбылыс. Міне, осындай кезеңде ел басқарған басшының аузынан шыққан әрбір сөзін жіті қадағалап, сараптан өткізіп отыру дағдылы әдетке айналып кеткендей. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталатын биылғы Жолдауы көңілдегі күмәнді сейілткендей, жүрекке берік сенім ұялатқандай әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік тілге қатысты «Біз мемлекеттік қызметте, басқару жүйесінде ана тілімізге өтуіміз керек», деген Елбасының сөзін ел тізгінін ұстап отырғандар шын мәнінде орындаса, біздің қоғам армандап жүрген күн елес болмай, шындыққа айналар еді. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсатының бірі «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты» деп аталуы тегін емес. Мемлекеттік тілді дамытып, оның коммуникативтік қызметі нығаюда. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіршілік қызметінің барлық саласына қолдану үшін ең алдымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру қажет. Ол үшін балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-жоғары оқу орны-жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру-білім жетілдіру орындарындағы мемлекеттік тілдің оқытылуын жүйелеп түзіп алу керек, олардың өзара сабақтастығын сақтау керек. Яғни, мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту кезек күттірмейтін мәселе. Сонан кейін мемлекеттік тілді оқыту үрдісін жандандыру, мемлекеттік тілді оқытатын үздік оқытушылардың тәжірибелерін тарату, оларға арнайы тіл порталдарын ашу, т.б. жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отырса, жауыр болған тіл мәселесі бір арнаға түсер еді деп ойлаймыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында білім саласына арнайы тоқталды. «Әлем мемлекеттерінің рейтингісі бойынша 110 елдің арасында 50-ші орынға ие болдық. Сөйтіп, еліміз білім беру саласы бойынша 129 елдің арасында қуатты көшбастаушы елге айналды», деп ерекше атап өтті.
Объяснение: в интернете нашла , сори если не
шымшық,торғай,қарға,сауысқан,тоқылдақ т.б. жылы жаққа ұшпайтын,біздің жақта қыстайтын дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады?
(құстардың көбі суықтан қорықпайды.Суықтан олардың қалың мамықтары сақтайды.Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы, соның себебінен көпшілік құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі,дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.Сауысқан да,қарға да кез келген тамақты қорек ететін құстар.Қыста тамақ табу қиын болғандықтан, ауыл маңайында жүріп,түрлі тамақ қалдыктарымен қоректене береді.Олар қар астында қатып қалған төгінділерді де,тырнақтарымен тырнап босатып,мықты, үшкір тұмсықтарымен шоқып та қоректектенеді .Қырғауыл,құр сияқты құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Олар бұталардың дәнімен,жемісімен қоректенеді.Орманды жерлерде тоқылдақ,суық-торғайлар да қыстайды.Тоқылдақ ағаш қабығының арасындағы бунақденелілерді тауып қоректенсе,оның қар бетіне түскен қалдығын торғайлар,шымшықтар теріп жейді.Сүйтіп тоқылдақтың әрекеті басқа құсқа көмек болады.Құрдың басқа құстардан ерекшелігі бірден көзге түседі.Құйрығына көңіл аударыңдар Қайқиып тұрған қалың қауырсынды құр алысқа ұша алмайды.Аязды күндері Қар астына кіріп, сонда түнейді.Күнкөзі шыққан кезде ғана қардан шығып,жемін іздейді.