София240905
20.11.2021 22:08

тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер. (әр 2 дұрыс жауап - ) 1. Қай етіс түрі іс - қимылдың өздігінен орындалған білдіреді. A) Ортақ B) Өздік C) Өзгелік D) Ырықсыз E) Ешбірі 2. Өзгелік етістіктің жұрнағын табыңыз. A) -Ын,-ін,-н. B) -Ыл,-іл,-л. C) -Ыс,-іс,-с. D) -Дыр,-гіз,-т. E) -Ған,-ген,-кен. 3. Іс-әрекеттің қимыл иесіне тікелей қатыстылығын анықтайтын етіс түрі қайсы. A) Ырықсыз етіс B) Өзгелік етіс C) Ешбірі D) Ортақ етіс E) Өздік етіс 4. Өзгелік етісті табыңыз A) Айтып, қалған B) Жинас, сөйлесті C) Жаздыр, үйрет D) Таран, мақтан E) Оқыр, болар 5. Ортақ етісті табыныз A) Жастар ойласты B) Тас қаланды C) Әкесінен қаймықты D) Тектілігін танытты E) Ойланбаған кісіде ақыл болмас 6. Өздік етісті табыңыз. A) Еден жуылды B) Досымен сырласты C) Сурет ілінді D) Тастан сарай салғызды E) Асыл өзі киінді 7. Көсемше жұрнақтарын табыңыз. A) -Ған,-ген,-қан,-кен B) -А,-ып,-ғалы,-й C) -Атын,-етін,-р D) -Е,-іп,-ар,-ер E) -С,-атын,-гелі,-п 8. Қай қосымша жіктелмейді A) -Атын B) -Ғалы C) -Ған D) -Ар E) -Мақ 9. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз. A) Аяқта, ұқ B) Бұзар, шабар C) Егер, ендеше D) Көргенің, айтарым E) Жазым, басылым 10. Ырықсыз етісті табыңыз A) Жуынды B) Сөйленді C) Қырынды D) Жылынды E) Киілді 11. Бірыңғай етіс жұрнақтарын табыңыз. A) -Ар, -ып,-ыр B) -Т,-с,-л C) -А,-е,-й D) -Ғыз,-ған,ғалы E) -Р,-с,-п 12. Ортақ етістен жасалған есім сөзді табыңыз. A) Ол онымен қатты тартысты B) Мен ол айтысты көрген жоқпын C) Оның жағы қарысты D) Мен оған көмектестім E) Ол асығыс жетіп келді

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Sn00ру
03.07.2021 13:21

Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

А досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.  

Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы - адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев: "Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып, өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып",- дейді.

Қарап отырсақ, достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. Өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өлеңіндегі дәл осы жолдар жоғарыдағы ойымызды қуаттай түседі./p>

Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
lipa2907
27.06.2022 14:18

Мен ғарышкер боламын

Көк пен жерді жалғаған, арасына байланыс орнатқан қасиетті жер - Байқоңыр! Кемелер самғаған қанаттылардың мекені болған қазақтың жері - Байқоңыр! Жер жетпейді әлемде бір өзіңе тең келер. Дархан елім, ғажап жерім - Байқоңыр!

Байқоңырды тебірене еске алғанда, арманыма қанат бітіп, көкке самғағандай күйге бөленемін.Менің басты арманым - ғарышкер болу. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдай қараймын. Аспаным менің, арманым менің арайлы! Таудай үлкен талабым бар, үлкен ғалым боламын мен, ата-анамның сенімін де ақтаймын. Отанымды сүйіп өтем, туған жерге махаббатымды мәңгі сақтаймын! Оқу оқып, білім нәрін жинаймын, қияға қанат қағамын, ғылымның сан қырын ашып, қызықты өнер табамын.Саятшы менің Отаным, мен боламын бала сұңқарың. Космосқа күнде ұшатын космонавың боламын!

Мақсаттың сұңқарына мініп, алысқа бет түзеймін. Бағытымнан аумай, шетсіз-шексіз ғарышты аралаймын. Кемемен мен заулаймын, қиындықтан әсте қорықпаймын. Сырын ашып ғаламның,  еліме қызмет етемін. Бұл менің басты арманым. Еліктеймін Тоқтар ағама. Тоқтар аға - тұңғыш ғарышкер, батыр ғой ол тұңғыш ұшқан ғарышқа. Ағамның жолын маған да беріп, мен де ұшсам ғой ғарышқа, туған жерімнің сәлемін апарар едім Марсқа.

Мен ұшқыш болу үшін біліммен қатар денемді де шынықтыруым керек екенін түсіндім. Ол үшін мен дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануым керек. Мен елімнің игі ісі үшін еңбек ететін батыр ұлы, ержүрек азаматы болғым келеді. Тоқтар, Талғат ағаларым болған ғарышта мен де болсам деп армандаймын. Менің көз алдыма ғарыштан оралғанда мені сағынып, күтіп тұрған, құшақтары гүлге толған, көңілдеріне қуаныш қонған, жүздерінен мейірім төккен, сағынышпен жүзімді өпкен аяулы халқым - қазақ елі елестейді. Өйткені бұл менің арманым ғой көптен күткен.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота