-Электронды пошта деген не?
- Электронды пошта дегеніміз - Интернет желісіндегі дәстүрлі поштаның электронды нұсқасы.
- Оны қалай ашуға болады?
- Электронды пошта ашу үшін алдымен кез келген доменге кіріп, «тіркелу» батырмасын басу қажет. Әдетте бастапқы беттің сол жақ үстіңгі жағында орналасқан «жаңа жәшікті тіркеу» деген батырманы басамыз. Ашылған жаңа терезеде поштаны тіркеу үшін өзіңіздің жеке деректеріңізді теріп, жазасыз. Алдымен аты – жөніңіз, туылған күніңіз, жынысыңыз, өзіңіз қалаған электронды поштаның адресі, құпиясөз және құпиясөзді ұмытып қалған жағдайда керек болатын қосымша электронды пошта. Қалауыңыз бойынша қосымша жәшіктің орнына өз телефон номеріңізді тіркей аласыз, құпия сөзіңізді ұмытып қалған жағдайда телефоныңызға хабарлама келіп түсетін болады. Барлық жолақтарды толтырып болған соң, жазулардың дұрыстығын тексеріп алып, «тіркелу» батырмасын басасыз.
- Электронды пошта не үшін керек?
- Электронды пошта алыс - жақындағы туыстармен, достармен, сонымен қатар жұмыс беруші үйымдар мен оқу орындарымен хат алмасып, хабарласу үшін қажет.
Объяснение:
УДАЧИ!
ответ:Тұлғасына қарай (по образования)
1. Негізгі үстеу – түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер. Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының –рақ-рек-ырақ-ірек және-лау-леу-дау-деу-тау-теу жұрнақтары жалғана алады. (Непроизводные наречия не делятся на корни и аффиксы. К большинству непроизводных наречий могут присоединяться вышеперечисленные суффиксы степеней сравнений прилагательных) Мысалы: әрең, сәл, ертең, бұрын, тез, жылдам-жылдамырақ т.б.
2. Туынды үстеу – түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулер. (Производные наречия образуются путем присоединения к корню суффиксов или устаревших окончаний некоторых падежей)
Туынды үстеу жасалу жолдары (пути образования производных наречий)
2.1 Туынды үстеу тудыратын жұрнақтар (суффиксы, образующие производные наречия)
– ша-ше: қазақ+ша, адам+ша, бұлбұл+ша, орыс+ша, өзге+ше, түрік+ше т.б.
– лай-лей-дай-дей-тай-тей: шикі+лей, қыс+тай, осы+лай, ақша+лай т.б.
– сыз-сіз: себеп+сіз, есеп+сіз, дау+сыз, пайда+сыз т.б.
- дайын-дейін-тайын-тейін: сұңқар+дайын, түйе+дейін, бұлақ+тайын т.б.
- ншама-ншалық: осы+ншама, со+ншалық т.б.
- майынша-мейінше-байынша-бейінше-пайынша-пейінше: оқы+майынша, кел+мейінше
2.2 Септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулер
(при устаревших падежных окончаний)
ал+ға, арт+қа, кеш+ке т.б. – барыс септік
лез+де, күн+де, баяғы+да, қапы+да т.б. – жатыс септік
шеті+нен, шалқасы+нан, кеңі+нен, ежел+ден т.б. – шығыс септік
жөні+мен, кезек+пен, шыны+мен, түні+мен, күні+мен т.б. – көмектес септік
2.3 Сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулер (наречия,образованные путем сращения)
жаздыгүні /жаздың+күні/, таңертең /таң+ертең,/, ендігәрі /ендігіден+әрі/, биыл /бұл+жыл/ т.б.
2.4 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер (образованы путем удвоения)
жоғары-төмен, анда-санда, қолма-қол, бет-бетімен, үсті-үстіне, сөйлей-сөйлей т.б.
2.5 Тіркес түрінде жасалған үстеулер (наречия, образованные путем сочетания слов)
күні бүгін, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін, күн ұзаққа, қас пен көздің арасында т.б.
Объяснение: