
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.
Дана халқымыз “Ұлық болсаң – кішік бол” деп, ел билеген әкімнен халық алдында кішіреюді талап еткен, яғни қаншалықты атақты, даңқты, бай болсаң да, кішіпейілділік пен қарапайымдылықты ұмытпаған жөн. Себебі, «қызмет деген – қолдың кірі, бүгін бар, ертең жоқ». Сондықтан менменсінбей, өзге адамдармен жақсы қарым – қатынас орнату керек деп есептеймін. Басқа сөздермен айтқанда, кішіпейілділік - жеке адамның айналасындағыларға қатысы жөнінен өзінің қандайда бір алабөтен артықшылығы немесе ерекше құқықтары бар деп санамауы, жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек-жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы.
Сондықтан, адам əр уақытта үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қолынан келсе көмектесіп, əрқашан қарапайым бола білу керек.
Қандай жағымды қасиет болмасын, барлығы отбасындағы тәрбиеден бастау алатынын ұмытпау керек. Бала «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, жас ұрпақты саналы, әдепті, ұлағатты етіп тәрбиелеу керек. Сонда ұлтымыздың да болашағы жарқын болмақ деп ойлаймын!
А жер бетінің бар қызығын тауысып болған соң, өзен мен көлдерді, мұхиттарды аралағысы келетіні белгілі. Бастапқы кезде қайық есебінде жыртқыштың терілері пайдаланылған. Қайықшылар бағыт-бағдарды айқындап, желдің соғу бағытын ескеріп отырған. Содан кейін барып, діңгектер шығарыла бастаған. Оған сенбесеңіз, Египет ханшайымы Хатшепсуттың бейнесі сақталған кескіндер мен суреттерден қайықтардың жағаға келіп, ағаш діңгектерге байланып жатқанын көре аласыз.
Сонымен куә болғанымыздай алғашқы қайықтар ерте замандарда-ақ қолданыста болған. Деректерге сүйенсек, ең алғашқы желкенді қайықтар Египетте пайда болған деседі. Сол кездерде Ніл өзені су жолы қызметін атқарған. Содан бастап египеттіктер су қатынасын алға қойып, дамытпақшы ойлары болған. Керек десеңіз, ат-арбалардан гөрі тиімді болып табылып, әлемнің кез келген еліне саяхат жасауға мүмкіндік туған. Ең алғашқы қайық баркалардың (үсті ашық, зат таситын кемелер) 7 мың жылдық тарихы бар болып шықты. Олар ескі үлгілері храмдар арқылы біздерге жетті. Ал папирустан жасалынған қайықтар Египет су жолының дамуына үлкен үлес қосқан.
Олар негізінен мықты ағаштарды пайдаланған. Қайық кез келген жағдайда аман шығуы үшін екі жағын арқандармен керіп қойған. Әсіресе, финикиялықтар осы бір үлгідегі қайықтарды жақсы көрген. 4600 жыл бұрынғы осы қайықтар бір ғана бағытта жүре алған. Өйткені, әр қайық желмен ғана жылжып отырған.
Уақыт өте, қайықтардың сыйымдылығы арта түскен. Озық түрлері де қолданысқа шыққан. Себебі, желдің бағытымен жүру тиімсіз болатын. Тиімділікті арттыру үшін олар көбіне қара күшке иек артты. Қайықтың екі қапталына отырған білекті жігіттер, яғни фараондар сағатына 12 километрді еңсеретін болған. Және қайықтар өзен жағасымен жүріп отыратын болған.
Сонымен, сұрағымызға оралайық. "Алып кемені кім ойлап тапқан?" Осы қиын сұраққа жауапты финикиялықтар берді. Олар алдымен үлкен бөренелер мен мығым саналатын материалдарды жинастырған. Содан соң кеме жасауға кіріскен. Бұл уақыт шамамен алғанда су жолы саудасынан 5 мың жыл бұрынырақ еді.
Алып кемелерді жасау үшін көп уақыттың кететіні белгілі. Финикиялықтар кеменің құрылымына баса назар аударды. Олар өлген жан-жануарлардың сүйектеріне қарап отырып, кеменің үстіне қанша салмақ тақтай төсеуге болатынын анықтау арқылы су жолындағы алғашқы табыстарына жетті. Сол ойлап тапқан дүниелер әлі күнге дейін кеменің құрылымында негізгі рөл атқарады.