Ертеде өте еңбекқор құмырсқа болған. Ол үнемі үйіне дән тасыды. Ол көп дән жинады. Қыста оның тамағы да, отыны да болыпты. Бір күні оған шегіртке келді. Құмырсқа оған есік ашты. Оны үйге кіргізді. Шегірткеден неге келгенін сұрады. Шегіртке Құмырсқадан көмек сұрапты. «Ішетін тамағым жоқ, киетін киімім жоқ, тұратын үйім жоқ»,- деп жылады. Құмырсқа оны аяпты. Үйінде қалдырды. Шегіртке еден сыпырды, үй жинады, тамақ пісірді. Құмырсқа оған алғыс айты. Шегіртке еңбек етуді үйренген. Көктемде шегіртке өз үйін салды. Құмырсқаға рақмет айты.