
Ел тірегі Елбасы
Объяснение:
Қыстың алғашқы күні, яғни, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны ерекше. Бүгінде әлем мойындаған тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.
КСРО күйреген шақта жеріміздің тұтастығын сақтап, ел іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп, тәуелсіздігі тұғырлы, жасампаз Қазақстан мемлекетін құрды. Күрмеуі қиын шақтарда өзіне сенім артқан жұртын берекелі бірлік пен өркениетке бастап, Қазақстанды дамыған әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президенттің халық үшін еткен қызметі ерен. Қазіргі кезде есімі елімен қатар аталып, алыс-жақын мемлекеттерде мәртебесі тасыған Тұңғыш Президентіміздің күнін атап өту әрбір қазақстандық үшін мерейлі мереке екені анық.
Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ сөз сөйлеп, залға жиналған қауымды мерейлі мерекемен құттықтады. Өз құттықтауында өңір басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасын құрып, оны дамытудағы, бүкіл әлемге танытудағы ролін ерекше толғаныспен баяндады.
– Мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындаған болашақтың бағдарламасы ретінде Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жарық көріп, онда Президент алдымызға дамыған отыз елдің қатарына ену міндетін қойды. Осы мақсатқа жетудің жолы ретінде алдағы жоспарымызды жуырда ғана жариялаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында атап айтты. Жолдауда дүниежүзілік дағдарыстың салдары көрсетіліп, жаңа экономикалық саясаттың басымдықтары анықталды.
«Нұрлы Жол» – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты бағдарлама. Елбасы Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын тағы да шегелеп айтты. Қазақстан – Мәңгілік Елдің Отаны. Жастар арасында осы ұлы идеяны қалыптастырып, Мәңгілік Ел ұғымын қоғамның қозғаушы күшіне айналдыруға тиіспіз, – деген облыс әкімі Президенттің сарабдал саясаты арқасында еліміз еш қиындықтан сүрінбей шыққандығын, сондай-ақ, әлемдік аренадағы беделінің зор екенін де атап өтті.
«Ең алғаш Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға бастамашы болған да – Елбасы. Бұдан басқа Кеден Одағы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың дүниеге келуіне де қазақ елінің көшбасшысы себепші болды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Сонымен бірге, біз Ислам ынтымақтастық ұйымына үлкен абыроймен басшылық жасадық. Мұның барлығы Елбасының халықаралық аренадағы биік беделін көрсетеді. Біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жерлестері екенімізді мақтан тұтамыз. Және бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», – деген Амандық Баталов маңызы зор мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен қайталай құттықтап, әрдайым болашағымыздың жарқын бола беруіне ізгі ниетін білдірді.
Мерекелік жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ардақ Сыдық, Көксу ауданындағы Б. Құндақбаев атындағы мектептің мұғалімі Л. Хамзина, І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің түлегі Д. Дигай құттықтау сөз сөйлеп, Елбасының ерен еңбегі жайында тұщымды ойларымен бөлісті.
Салтанатты жиын Сүйінбай атындағы облыс-тық филармонияның концертімен жарасымды жалғасын тапты.
Бердібек Соқпакбаевтың «Менің атым Қожа»атты шығармасының кейіпкерлері
• Қожа — Шығарманың басты кейіпкері. Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, университетке түсу. Жазушы болу.
• Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
• Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
• Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.
• Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.
• Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
• Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
• Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.
• Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
• Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
• Жақанов — Қожаның сыныптасы.
• А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".
• Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.