RownBitter
09.04.2021 10:22

5тапсырма мәтінді оқы.Ақпараттардың бүгінгі күнге қажеттілігін талда

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
mrmakaka3
06.09.2022 05:48
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер. Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы.Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, –дейді М.Әуезов, –ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария –Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған. Халқымыздыңосы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден қойған. Ол "Ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған: Олардың жырында "қыран құстың ұшқаны", "ақбөкеннің жүрісі", "жайдақ желдің желісі", "мөлдір қудың аққаны", "жел жетпейтін құландар жүйріктігі", "адам жанының жайма шуақ кезеңі" –бар-баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та "Батыр Баян" поэмасында.Демек, жыраулар поэзиясы –халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарынжырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Мысалы, Тәтіқара ақын: Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен. Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын ("мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған"– Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық. Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. есірген Есім ханның қылығын ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен. Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. Оның "Күмбір-күмбір кісінетіп" толғауынан, табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады. Әдебиетімізді жаңа тарихи кезеңде, ел басына қиын қатер төнген шақта, екіталай кезеңде – XVIII ғ. бірінші жартысында жаңа, соны ой-толғанысымен, көркемдік сөз өрнегімен әрі қарай дамытқан Бұқар жырау. Оның жыр-толғаулары – сол тарихи дәуірдің көркемдік көрінісі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Полина260106
11.07.2020 21:42

Ж. Өрісбай

Осыдан 66 жыл бұрын, Халықаралық Олимпиада комитеті 23 маусым күнін, «Халықаралық Олимпиада күні» деп жариялаған. Себебі көне Элладаның мәдени өмірімен тікелей байланысты Олимпиада ойындары 1894 жылы осы күні қайта құрылған болатын. Осы аталған күнге орай, massaget.kz порталы Олимпиада ойындарына қатысты қызық деректерді ұсынады.

Көне Олимпиада ойындары Грекияның Олимп тау сілемдерінде өткізілгендіктен солай аталған. Алғашқы Олимпиада ойындарында жалғыз спорт түрі ғана болған. Ол кейіннен Марафон аталып кеткен қашықтыққа жүгіру. Алғашқы ойындардың әділ өтілуі үшін қатысушылар жалаңаштанып жарысқан. Ең алғашқы атлеттер тек ер адамдар болған. Сәйкесінше, әйелдер спорттық жарыстарда жалаңаштанған ерлерді көруге тыйым салынған. Кейбір әйелдер ойындарға өте-мөте қызыққандықтан, ерлерше киініп амфитеатрларға білдіртпей кіріп кеткен екен. Көне Олимпиаданың 7 ойындарында алғаш рет жеңімпаздарға зәйтүн ағашының бұтақтарынан өрілген шеңбер кигізілген. Тарихи еңбектерге сүйенсек, біздің заманымыздың 393 жылы император Теодозис ешбір себепсіз Олимпиада ойындарының өткізілуіне тыйым салады екен. 1890 жылы Пьер де Кубертен есімді француздың арқасында 1500 жыл үзіліп қалған Олимпиаданың заманауи келбеті қайта ашылады. 1894 жылы Халықаралық Олимпиада Комитеті құрылады. Ал 1896 жылы Олимпиада ойындарының жаңа қарқыны Грекияның Афина қаласынан бастау алады. Олимпиада тарихында дәстүрге айналған тұңғыш  ашылу салтанатын ағылшындар ұйымдастырады. Олимпиада алауы Пелепоннес түбегіндегі Олимп таулы бөктерінде айнаны күнге шағылдыру арқылы алынады. Сол жалындаған от бүгінге дейін үзілмей жалғасын тауып келуде. Олимпиада ойындарын ұйымдастырушы мемлекет ашылу салтанатында соңғы болып кіреді. Алғашқы әйел қатысушы 1928 жылы Амстердамда тіркелді. Дәстүрге орай гректер жалпы Олимпиаданың құрылтайшылары болып, ашылу салтанатында бірінші болып шығады. Лондонда болған Олимпиада ойындарында тұңғыш рет әйелдер спорттың барлық түрінен қатысты. Ал әйелдер боксы Олимпиада ойындарының тізіміне Лондонда енгізілді. 2012 жылы өткізілген Олимпиадада Никола Адамс есімді британдық спортшы бокстан әйелдер арасындағы алғашқы алтын медальға ие болды. 1956 жылы болған жазғы Олимпиада ойындары қараша айында басталды. Себебі өткізетін қала, Мельбурн, оңтүстік полюсте орналасқандықтан, жаздың мезгілі ауысып кетті. 1908 жылы мәнерлеп сырғанау мен 1920 жылы мұзды хоккей жазғы Олимпиада ойындары ретінде өтті.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота