Сонда ұстазы шәкіртінің қолына қарамай -ақ : Шәкіртім асықпа, әр нәрсені жасағанда оны ойланып барып жасаған дұрыс.Жеті рет өлшеп,бір рет кес демейме дана халық. Сенің ойың маған мәлім.Мен қазір ол көбекті өлі десем де,тірі десем де дұрыс болмас.Өйткені оның өмірін осы жерде тоқтату да, тірі қалдырып жалғастыру да сенің қолында.Бір нәрсені дәлелдеуге, ешкімнің тағдырын қимағаның жөн》,-деп жауабын аяқтады.Сонда шәкірті ойланып жасамаған әрекетінен ұялып, көбелекті жібере салды.
Үзіндідегі негізгі ой жамандық жасамауға негізделген.
1 тапсырма
Жаһандық- Әлемдік
деректер- ақпараттар
жауынды- жаңбырлы
оталу- оталдыру
эссе
Уақыт-бір орталықтан бастау алатын және мәңгілікке созылған спираль тәрізді. Біз ауқаттанған кезде астың дәмінен ләззат алып, оның пайдасын көреміз. Уақыт та сол сияқты: сәттерін, минуттарын, күндері мен апталарын қаншалықты тиімді пайдалансақ, соншалықты ләззат аламыз, оның өтіп, оралмасқа кеткенін қаламаймыз. Өмір ләззаты мен қуанышы сезіліп, әрбір күніміз бен келешегімізге үміт отын сыйлаған кезде, қаншалықты көз тоймас нығмет болса да, егер оны ойланбай өткізсек, оның адамның иығына артылған ауыр жүктен ешқандай айырмашылығы болмайды.Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.