Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.Лирикалық сезінуге бөлене отырып, оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән нәрсе екендігі кімге де болса мәлім.Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің «Соғыс», «Мінкен ер», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Исатай сөзі» деген өлеңдерінде айқын сезіледі.«Соғыс» деген өлеңінде Махамбет көтерілісінің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністерді баяндау, суреттеулері тарихи фактілермен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда, осы «Соғыспен» өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жыр өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл — өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі де зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдермен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан оны басы ашық қалдырамыз.Ал біздің бұл жерде айтпағымыз — ақынның тарихи уақиғаларды тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда, оның өлеңдерінде тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады.
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген. Менің Отаным – Қазақстан! Қазақстан ұлан байтақ елім, кіндік қаным тамған жерім! Тәуелсіз мемлекет, өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Жер көлемі бойынша тоғызыншы орында. Жері кең және құнарлы. Қазақстан кең байтақ, жер асты қазба-байлықтарға толы. Менделеев периодтық кестесінің бүкіл элементтері кездеседі, мұнайға бай. Бас қаламыз-көркейген Астана. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару жолына түсті. Еліміздегі ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық арқасында Қазақстан әлемдегі достық пен бейбітшілік мекеніне айналды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку