«Дүниетану» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
4-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Дүниетану» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш білім беру деңгейінің
1-4-сыныптарына арналған «Дүниетану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
2
МАЗМҰНЫ
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Менің Отаным — Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…….4
«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау………………..7
1- тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………..10
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……………….16
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау………….20
2- тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………..23
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 29
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау………..29
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……..32
3- тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………..35
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 41
«Ғ арышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……………41
«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………..44
4- тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………..47
Ғаламтордың пайдалы жақтары
Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Ғаламторда шек жоқ. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесіз, хабарласасың. Тіпті, адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр. Көрісе алмаған адамыңмен ғаламтор арқылы байланыс орнатасың. Ғашығын да ғаламтордан тауып жатқандар қаншама.
Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады. Одан бөлек, ғаламтор - нағыз табыс көзіне айналып отырған сала. Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес.
Ғаламтордың зияны
Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.
Ғаламтордың келесі зиянды тұсы - адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.
Одан бөлек, қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал.