BotanikAziz
25.02.2020 03:39

Ж. Амангелді В
2-тапсырма. Қарамен берілген сөздерді мағыналас сөздермен ауыстырып айтыңдар.
жаһандық залал тұтынады өшіріп​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Аня79780607646
19.11.2022 15:54
Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1894жылы Алматы облысының Ақсу ауданындадүниеге келген. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын бітірген, соң «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-1934 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болды. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.

І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэма қазақ поэзиясының інжу маржаны болып табылады. І.Жансүгіровтың прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі - «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс тіршілігін, азаттықты көксеген арман аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді. Қаламгер әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Лермонтовтың, А.Горькийдің, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады.

Елімізде бірнеше мектепке, көшеге, ауданға, елді мекенге, Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне І.Жансүгіровтың  есімі берілді. 

 

1994 жылы университеттің қарсы алдындағы алаңға ақынның қоладан құйылған ескерткіші орнатылды. Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармаларына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
comr4de
12.01.2022 23:51

- Кешіріңіз, сізден сұрауға бола ма?

- Әрине, сұраңыз. Байқауымша, театрға бүгін бірінші рет келіп тұрсыз-ау деймін.

- Иә, дұрыс айтасыз. Сол себепті аздап ыңғайсызданып тұрғаным.

- Еш қобалжымаңыз. Театрға бүгін келгеніңіз дұрыс болыпты. «Томирис» өте тамаша қойылым.

- Досым кеңес беріп еді. Менің білуімше, Томирис атақты сақ тайпасынан шыққан жауынгер қыз емес пе?

- Иә, иә. Халқының жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған, аты аңызға айналған атақты Тұмар патшайым.

- Қазақ халқында, қарап тұрсаңыз, жауынгер қыздар аз емес екен-ау. Намысты қолдан бермей, ерлерше күрескен Әлия, Мәншүк апаларымызды айтсаңызшы.

- Рас, «Ер есімі ел есінде», «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген мақал дұрыс айтылған. Елімізде әрқашан тыныштық болсын дегейсіз.

- Кешіріңіз, тағы бір сұрайын дегенім, қойылым кезінде әртістерді суретке түсіруге рұқсат па? Мен фотоаппаратымды ала келіп едім.

- Жоқ, қойылым кезінде болмайды. Фотоаппараттың жарығы жарқылдап, олардың ойынына кедергі келтіреді.

- Ескерткеніңіз жақсы болды. Мұны ескермеппін.

- Оқасы жоқ. Әртістермен суретке түскіңіз келсе, қойылымнан кейін де түсуге болады.

- Кир патшаның рөлінде атағы жер жарған Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз ойнайды екен. Сол кісінің қолтаңбасын алсам деймін.

- Мақсатыңызға жетіңіз. Жүріңіз. Үшінші қоңырау қойылымның басталатынын ескертеді.

- Жақсы. Кірейік. Көмегіңізге көп рақмет.

- Оқасы жоқ.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота