Ілік, барыс, табыс, жатыс септіктерінде сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Елбасы шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілді (ілік септігі).
Менің ата – анамның туған жері – Сарыарқа төріндегі құтты мекен Ұлытау (ілік септігі).
Жаннұр, менімен бірге дүкенге барғың келе ме (барыс септігі)?
Мектепке бара жатып, балабақшаға бірге барған бала күнгі құрбымды кездестіріп қалдым (барыс септігі).
Кітапханадан өткен аптада алған кітапты оқып біттің бе (табыс септігі)?
Қонақтар келмей тұрып үйді жинастырып қою керек (табыс септігі).
Бүгінгі мерекеге орай балабақшада демалыс екен (жатыс септігі).
Менің жазғы демалысым әзірше ауылда өтуде (жатыс септігі).
Жазғы демалыс жайлы диалог
- Оқу жылының аяқталуына да бірер күн қалды. Бекболат, сен жазғы демалыста не істейсің?
- Биылғы жылғы жазғы демалысты тағатсыздана күтіп жүрмін, себебі ата – анам туған күніме арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға жолдама сыйлаған болатын.
- Не деген керемет сыйлық! Сен үшін өте қуаныштымын! Қашан жол жүрмексің?
- Маусымның бірінде жолға шығамын.
- Жалғыз өзің шетелге шығуға қорықпайсың ба?
- Жоқ, қорықпаймын, себебі мен жалғыз бармаймын, ағылшын тілін шыңдау мақсатымен қаламыздағы басқа мектеп оқушылары да менімен бір топта болады.
- Е, онда жақсы екен. Аман – есен барып келуіңе және біліміңді шыңдап келуге тілектеспін.
- Көп рахмет, Мәди. Бар ынта – жігерімді осы оқуға арнаймын ғой, себебі мен өз болашағымды шет тілдерімен байланыстырамын.
- Жақсы, көріскенше!
- Сау бол!