Ңқол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. кітап ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді ғабит мүсірепов. кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір ң білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен шекспир. бұл сөзден түйер ойымыз, ға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді баус. кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. себебі кітаппен дос болған ң ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді горький. онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. оны тек кітаппен дос болған ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. достар, "артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық. толығырақ: материалды көшіріп басқанда massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. авторлық құқықты сақтаңыз
33 минуты назад Мақал - мәтелдерМақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку