1-тапсырма Биігінде қар жататын Алатау – табиғаты әсем Қазақ жеріндегі ең ірі тау. Оның қазақ үшін орны бөлек. Алатауды ән-күйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә…
Жер жәннаты Жетісуға көрік беріп тұрған Алатаудың қойнауы – құтты, ауасы –таза. Мұнда өсімдіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп. Шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп. Тау етегінде – орман, аңғарында – шалғын. Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған.
1.Мәтін не туралы?
2.Мәтіннен сын есімдерді жаз:
3.Берілген сан есімдерден реттік сан есім жасаңыз: 16, 55, 90, 107.