dsgdfsg00
26.12.2020 21:30

Руна жазуын мемлекеттік деңгейде қастерлей алмай келеміз Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Алдан Смайыл осылай мәлім етті.Депутаттың айтуынша, әлемдік өркениеттің ұлы мұрасы саналатын түркі жұртының көне жазу үлгілері терең зерттелгенімен, мемлекеттік деңгейде құрметтелмей отыр.

«Руна немесе сына жазуының күнін жыл сайын өткізіп тұру жөніндегі ұсынысымыз Үкіметтің тарапынан осыдан үш жыл бұрын құпталды, алайда жүзеге асырылған жоқ», - дейді ол. Алдан Смайылдың айтуынша, талай жылдардан бері Ресей, басқа да сол тектес мемлекеттер Славян жазуының күнін бүкілхалықтық ауқымда атап өтуде. Жай ғана атамай, әлемге славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуді осылай дәстүрге айналдыруда. Армян халқы әлі күнге қолданыстағы көне әліпбиінің әр әрпін алтыннан құйып, шіркеуде сақтап отыр. «Ал біз ше? Кирил жазуынан да көне, кейбір білікті түркологтар анықтағанындай, грек-славян әліпбиіне негіз болған руна - сына жазуын мемлекеттік деңгейде қастерлей алмай келеміз. Оны мектептен оқып - білу де терең ойластырылмаған. Мұндай самарқаулық - рухани саладағы елеулі олқылық. Қазақстан Республикасында Сына жазуы күнін жыл сайын атап өту аса маңызды ұлттық қажеттілік. Сонда төл жазуымыз - Руна жазуының әлемдік маңызы арта түсер еді. Сізден осыған ерекше мән беруді және солай болуына ықпал етуді өтінеміз», - деді Алдан Смайыл.

1.Мәтіннің стилі -

2.Мәтіннің негізгі ойы -

3.Мәтіннің мақсаты (стиліне қатысты) -

4.Мәтінде қолданылған тілдік құралдар-

5.Мәтіннің көзделген аудиториясы-

аннотация жазыңыз (4-5 сөйлем)

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
iumpovavika85
18.10.2020 18:42

Абай - даналықтың бастауы.

Жоспар.

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Абай - біртуар дара тұлға.

2. Абайдың шығармашылығы.

Қорытынды.

Абай Құнанбаев осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руынын ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.

Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.

Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
АлинаТюлька
12.01.2021 21:00
Антоним (гр. antі — қарсы,onoma — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұпқұрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап,стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.[2]
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота