Sofi432432
10.04.2022 13:36

П, Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп
көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты
іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес
жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы
баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу,
келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.
Сондай-ақ қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл
тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп
қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің
ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу
отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне
жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік
сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы
жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен
ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен
қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің,
келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа,
жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-
қатынастары әрқайсысын әдептілікке
тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер
жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса,
онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз
ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр
адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды.
Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны -
өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең.
Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен
қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық
болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде
жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті
жақындарына көмек көрсетуді өз
жауапкершіліктеріне алмайды.
4.Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпаратты
ажыратыныз
—​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
mitrofanovas633
06.03.2021 09:45

Мәтіннің негізгі ойын, тақырыбын ашатын тірек сөздерді белгілеңіз.

Мәтін.

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды

және көңіл күйі көтеріңкі болады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол,

теннис, Хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның

адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту

үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.

Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Мен күнде

таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет

«каратэ» спорттық секциясына барамын. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға

шақырамын. Денсаулық - зор байлық. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты

бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала

білу.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Mastl
09.08.2022 12:07
"Ассирия" — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 9 ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті. Тиглатпасар ІІІ билігі кезінде Вавилон жаулап алынып (біздің заманымыздан бұрынғы 729 ж), империя шекарасы Жерорта теңізінің жағалауына дейін жетті. Ассирия Саргон ІІ билігі кезінде Урарту мен Израильді, оның немересі Асархаддон патшалық құрған уақытында Мысырды талқандады. Ашшурбанипалдың кезінде (біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың ортасы) Ассирия өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетті. Оның шекарасы Мысырдан Мидияға, Жерорта теңізінен Парсы шығанағына дейін созылып жатты. Мемлекет астанасы Ниневия өзінің сән-салтанатымен, архитектурасымен әйгілі болды. Қала кітапханасында түрлі мәтіндер жазылған 20 мыңнан астам бедерлі тақталар сақталды. Бұл бедерлерде, көбінесе, жорықтар, жеңілген елдердің қалаларын ойрандау, т.б. бейнеленген. Тұтас жартастардан патшаларды дәріптейтін мүсіндер тұрғызылды. Орта Азиямен, Арабиямен сауда қатынастары дамыды. Жол құрылысы кеңінен өрістеді. Ассирия әдебиетінің төл жанры – патша анналдары (жылнамалары). Соның бір құнды үлгісі – Саргон ІІ-нің біздің заманымыздан бұрынғы 714 ж. Урартуға жорығы туралы арамей тілінде жазылған «Ахикар туралы жыр». Бірақ Ашшурбанипалдан кейін басталған елдегі дағдарыс, оны пайдаланған Мидия мен Вавилонның біріккен күштерінің соққысы нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы 607 – 605 ж. Ассирия құлады. Ежелгі заманда Алдыңғы Азияны, Месопотамия мен Иранды мекендеген және сына жазуларды қолданған халықтардың (шумерлердің, вавилондықтардың, ассириялықтардың, т.б.) тілін, тарихын, мәдениетін зерттейтін ғылым саласы – ассиорология (ассириятану) қалыптасты. Ол, әсіресе, Англия, Франция, Ирак пен Ресейде жақсы дамыған. [1]

Ассирия

Нео-Ассирия империясы және оның кеңеюі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота