ksusha00008
08.05.2022 09:16

+ Белгісіздік есімдіктер (неопределенные) «бір», «әр», «әлде»
сөздердің есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады.
Мысалы: біреу, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, әлдеқалай,
бірнеше, әркім, әрне тағы басқа
казахскийязык.​


+ Белгісіздік есімдіктер (неопределенные) «бір», «әр», «әлде»сөздердің есімдіктермен бірігуі арқылы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
EvaSwansea12
16.03.2022 01:23
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады. Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шөміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/544-almaty.html
© www.ZHARAR.com
0,0(0 оценок)
Ответ:
milanagorbovsk
17.07.2022 05:14
Ресей - әлемдегі ең бәлкім ел. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет.  Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы аралық орны екі дүние бөлігін байланыстырып тұратын өзіндік көпір қызметін атқаруына себепші болады.Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты.Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.Табиғат ресурстары өте бай. Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы — орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды.Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болуымен ерекшеленеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік Кавказ  бен Қара теңіздің жанға жайлы курорттары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай және Саян тауларының баурайларындағы таулық туристік базалар жатады.
Сонымен қатар тарихи және сәулет ескерткіштері, мұражайлар, өркениет мұралары сақталып қалған ежелгі қалалар мен қазіргі ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерін жинақтаған әсем де асқақ қалалар Ресейдің аса құнды ұлттық байлықтары болып саналады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота