shumilovakate
24.11.2020 20:54

Оқылым Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Энергетикалық дағдарыс

Қытай ғалымдарының айтуынша, Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі. Егер а Айдан бұл элементті өндіріп алатын болса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді, - деп хабарлайды Huffington Post.

Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Жер серігінің беткі қатпарында термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалардың көп екендігі белгілі болды. Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент, себебі Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3 ол жақта өте көп. Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі материалдар Жерге жіберілетін болады. Mail Online газетінің сараптамалық жұмысында небары 40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген. Ал Айда бұл элементтің 10 миллион тонна қоры бар екені анықталды.

Әзірге Қытай Айдағы табиғи байлықты игеру мақсатындағы қазба жұмыстарын бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық зерттеушілер бұл жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасауда. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады.

1.Берілген сұраққа өз ойынды жаз 2-3 сөйлем
Әлемде көптеген елдер энергетикалық дағдарыстан шығу үшін балама энергияны пайдаланды.НЕГЕ

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
darina097
03.12.2021 20:19
Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
0,0(0 оценок)
Ответ:
wasdas390wasdas390
09.02.2022 04:14
Менің отбасымның дәстүрлері.
Менің отбасым салт дәстүрлерді құрметтейді. Қолдан келгенінше ұстауға тырысады. Мысалы: біздің отбасында дастархан басына барлық отбасы мүшелері жиналмай ас алуды бастамаймыз. Онда бәрі жиналған соң атам тамақ алуды бастайды, сонан кейін ғана барлығымыз кірісеміз. Тамақ ішіп болған соң, атам ас қайырып, бата береді, сонан соң ғана бәрімізге дастархан басынан тұруға болады. Қандай да бір жұмыс болсын барлығымыз жұмылып, бірге істейміз. Бірге демаламыз. Қыдырғанда да бірге қыдырамыз. Қонақ келгенде бірге қарсы алып, бірге құрмет көрсетеміз. Міне, біздің отбасының дәстүрлерінің шет жағасы. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота