Ученая13
16.09.2022 07:58

крек жаттығу. Көшіріп жазып, сапалық сын есімнің астын бір, қатыстық сын есімнің астын екі сызып көрсетіңдер.
Міне, декабрьдегі осындай сүйкімді бір күнде ақ қардың үстіне арқандай шұбатылған сары жолақ жолменен, шанасындағы екі кісіні шопақ құрлы көрмей, бусанған денесі ширап, кең кеудесіне тұнық ауаны толтыра жұтып, танауынан буы – паравоздай будақтап, құлағын қайшыландыра, құлашын кере бөкен желіске салып, Итбайдың қоян көгі келе жатты (С.М.).

57-жаттығу. Бірінші қатарға негізгі сын есімдерді, екінші қатарға туынды сын есімдерді көшіріп жазыңдар. Жазған кезде туынды сын есім жасап тұрған жұрнақтарды сызықшамен бөліп көрсетіңдер.
Ақ, көлемді, тынымсыз, қалалық, кешкі, сары, еңбекшіл, үлкен, шапшаң, биік, жаңа, жақсы, таудай, әуесқой, қалың, жылы, тарихи, кіші, ұшқыш, суық, өткір, ашық, аласа, еріншек, көк, жасанды, кең, ауыспалы, ұзын, ұнамды, көтеріңкі, қысқа т.б.

59-жаттығу. Мәтінді көшіріңдер де, дара және күрделі сын есімдердің астын сызыңдар.
1.Кәдімгі болпиған үлкен денелі, саба құрсақты, ұзын сақалды, байсалды кісі бопты. 2. Қазір онда бұрынғыдай қаулаған қалың ұзын сақалы жоқ, қара бурыл тартқан сақалын ықшамдай кесіп, иегіне бір-ақ тұтам қып қойыпты. 3. Жарықтық әлі қартайған жоқ екен. Без белді қара бүркіттей, айыр сақал, қылыш мұрт, қабақты, қасты, мұрынды, айбынды, арғымақ ақ сары кісі. 4. Ақбілек жаңа шешесіне көз қырын салды.

74-жаттығу. Сын есімнің шырайларын тауып, шырайдың түрлеріне қарай ажыратыңыз, астын сызып, үстіне қай шырай екенін жаз.
Оның сүмбілдей сұп-сұр денесі, жай теңселген шолақ көк толқындармен бірде тұтас көміліп, бірде тұтас көрініп, суға қара қоңыр сәуле түсіреді (І. Е.). Қолға түскен Жоңғардың кішілеу қысық көзінен қорқыныш сезіледі (І. Е.). Кең маңдай, қалың шаш, я бір кез, я құлаш. Ақ тамақ, қызыл жүз қарағым, бетіңді аш (Абай). Нұрыш тым қатты қуаныш үстінде жүріп, әкесінің қабағын түйіп, даусын көтергенін де ұмытып кетті

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Асурка
06.10.2022 14:53

Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді»,-деп Б.Бұлқышев дәл тауып айтқан екен. Расымен де, өміріміздің  сәнді де мәнді  болуы тек қана өзімізге байланысты. Жер басып жүрген а ң әрқайсысы өз тағдырының алдында аса үлкен жауапкершілікке ие. Бәріміздің көксегеніміз бір- бұралаңы мен соқпағы көп осынау өмір жолында аңсаған арманға адаспай жетіп, бақытты болу. Өкінішке орай, бұл кез келгеннің қолынан келе беретін оңай іс емес. Нағыз бақытқа қол жеткізу үшін бойымызда сарқылмас төзім, қайтпас қайсарлық, жасымас жігер тәрізді қасиеттердің болуы маңызды екені  белгілі. Алайда, менің ойымша, ең алдымен талап етерлік қасиет - өз өміріне деген жауапкершілікті сезіне білу.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Лизотикенотик
06.10.2022 14:53

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота