vikyyyyysya142
24.05.2020 00:14

Соч за 4 четверть ответы можно 6 класс

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
MrSasha1111
13.01.2021 19:26

8-сынып қазақ әдебиеті пәнінде көркемдегіш құралдарды табу жолдары

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» шығармасынан үзінді

Жеті жұрт көшіп кеткен соң,

Атамыз қазақ баласы

Конып, мекен еткен жер.

Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,

Жүзден-жүзден нар байлап,

Дәулеті қалың біткен жер...

...Ақ борықтай иілген,

Кейінгі туған баланың

Ұстай ма деп білегін,

Шая ма деп жүрегін,

Шашын, мұртын қойдырып,

Ащы суға тойдырып,

Бұза ма деп реңін.

Адыра қалғыр заманның

Мен жаратпаймын сүреңін!..

1. Жоғарыдағы үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысын талдаңыз

Көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін анықтайды 2 көркемдегіш құралдарды табады 1 1 қолданысына талдау жасайды 1

Бағалау критерийі Білім алушы балы

Шығармадан үзінді Көркемдегіш құрал Ережесі Дәлел

Ақ борықтай иілген,

Кейінгі туған баланың Теңеу -тай сын е. тудырушы жұрнақ арқылы затты екінші бір затқа теңеу Аппақ иілген сұлу қыздарды, ақ борықтай иілген затқа теңеп тұр

Ащы суға тойдырып,

Бұза ма деп реңін Перифраз Заттың атын тура атамау, бұрма атау Ащы су- ішімдік

Ақ борықтай Эпитет Заттың ерекше қасиеті Жай борық емес, ақ борық

Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,

Жүзден-жүзден нар байлап,

Психологиялық параллелизм- егіздеу Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу Жылқы мен нарды мың-мыңнан, жүз –жүзден айдап байлаған қазақ елі көреміз.

Шая ма деп жүрегін,

Шашын, мұртын қойдырып,

Ащы суға тойдырып,

Бұза ма деп реңін.

Адыра қалғыр заманның

Мен жаратпаймын сүреңін!.. Иронияның ұлғайған түрі -сарказм Сарказм (мысқыл) – масқаралау. Иронияның ұлғайған түрі. Бірақ иронияға қарағанда анағұрлым өткір, анағұрлым улы Өткір тілмен келеңсіз жайттарды ашып айтып, уытты тілмен түйреп отыр.

Жеті жұрт көшіп кеткен соң,

Атамыз қазақ баласы

Конып, мекен еткен жер.

Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,

Жүзден-жүзден нар байлап,

Дәулеті қалың біткен жер...

Гротекс Тура мағынасында ақиқаттан алшақ кету болғанымен, өмірдегі болатын шындық жағдайды айрықша тапқырлықпен, есте қаларлықтай әсерлі етіп жеткізеді. Жері бай, дәулеті асқан, шүбі шүйгін, малға жайлы ата қонысты әсерлі етіп жеткізіп тұр.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Svetik15102011
08.07.2022 19:59

Қосымшаның түрлері.

Қазақ тілінде қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық, оқу - шы, бала - лы, орын - дық, сыр - мақ т.б.

Ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға, дәптер – дәптерді, көше – көшеде.

Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:

1. Септік жалғау;

2. Көптік жалғау;

3. Тәуелдiк жалғау;

4. Жіктік жалғау.

Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:

1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы - шы”, “біл - ім”, “жасы - қ”, “таға - ла”;

2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) - ірек”, “сары - лау”, “сары - рақ”, “жаз - ып”, “жаз - ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет - ретімен жалғанады.

Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас - шы”, “басшы - лық”, “ұйы - м”, “ұйым – дас – тыр – у – шы”).

Достық (жұрнақ) Адамдардың достығы әдетте жыл өткен сайын беки түседі.

Досым (жалғау) Менің досымның есімі - Арнұр.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота