
Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады.
Автор 1
-Сәлеметсіңдер ме оқушылар, ата-аналар, әжелер мен аталар. Бүгінгі тәуелсіздік күні құтты болсын! Бүгінгі өте ерекше.
Автор 2
-Иә бүгін шыныменде ерекше күн. Себебі, біз бүгін тәуелсіздік алдық деп айтуға болады. Осыған орай бір би алыңыздар.
Автор 1
-Балапандар би ансамблі(Осы жерге қандай би екенін жазуға болады. Мысалы: Шелкуньчик)
-Автор 2
Меннен бір шумақ өлең қабылдап алыңыздар:
Тәуелсіз елде сүреміз,
Ойнап-күліп жүреміз
"Қаһарманың кім?" десе
Қайрат, Ербол, Сәбира екендігін білеміз.
Автор 1
-Иә швныменде бізге тәуелсіздікті берген осы ағаларымыз-тәтелеріміз. Олар өздерінің болашағын ойламай. Керісінше біздің болашағымызды ойлады.
Автор 2
-Ендеше біздің мақтанышымыз, біздің мектебіміздің әншісі Нұржігіт бізге тәуелсіздік туралы ән шырқап берсін
(Нұржігіт әнін айтып болды)
Автор 1
- Осы әнді естісең шыныменде тәуелсіздік өте бағалы зат екенің түсінесің. Осы тәуелсіздік бізді, қазақтарды биікке көтерді.
Автор 2
-Әрине, тәуелсіздік бағалы зат. Себебі, біздің іш-шарамыз бекерден-бекер "Тәуелсіздік тірегім" деп айтылған жоқ.
Автор 1
-Шыныменде тәуелсіз ел болған қандай керемет.
Автор 2
-Иә тәуелсіз елде тұрған адам өте баққытты. Осындан, бір ой түйген шығарсың.
Автор 1
-Иә ой түйдім
Екі Автор хормен
-Біз сіздерді тағыда тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Қош сау болыңыздар.