ЧернаяРадуга
13.09.2020 11:53

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып
шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушыткең даладағы оқиғалар туралы хабарлы жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жұрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақы белген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесі іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабалырымыз табиғатпен етене жақып болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолушы ұғымы экономикалық категория ретінде колданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

2. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында "жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мұсәпір" дегенді бір сөйлеммен жазыңыз.
3. "Жолаушыны жол сынайды" деген мақалды қалай түсінесіз?
4. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Бір мақал жазыңыз.


Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жол

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Viktoria070804
08.08.2022 17:57

Қазақтың ұлттық киімдері.


Ұлттық киім-кешектеріміз – біздің құндылықтарымыздың бірі.Қазақ халқының киім үлгілері ертеден ешбір халықтан кем болған жоқ.Себебі,ол сан алуандығымен,ыңғайлылығымен ерекшеленеді.Біздің ұлттық киімдерді сый ретінде жақындарына сайласа,бірде ырым ретінде де киетін болған.Киіміздің өн-бойында,ою-өрнектерінде байтақ даламыздың тарихы жатыр десек те болады.Халқымыздың ұлттық киімдерін ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлеміз.Ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ және тағы да басқалары жатады.Ал әйелдер киімдеріне:көйлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрікті жатқызуға болады.Қазақ халқының ұлттық киімдерінің осынша әдемі болуы – елімізде қол өнердің дамығандығының белгісі.Дана халқымыз “терек – жапырағымен,

денең шүберегімен сұлу” деп айтып кеткендей,қазақтар жиындарда,той-думанда,тіпті соғысқа аттанарда да киім киістеріне мән берген.Мысалы:әйелдер қысқа көйлек кимесе,сал-серілер болса айшықты да сымбатты киіне білген.Олардың бөрік,тақияларында үкілері болған.Міне,осылайша қандай нәубет болса да қазақ халқы өз ұлттық құндылықтарын күні бүгінге шейін сақтап келді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
кама148
08.08.2022 17:57

Қазақстандық спортшылар

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота