lanchik03
09.07.2022 05:41

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: -Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,—дейді. Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей: — Мүмкін емес,— дейді. — Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, — дейді түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп: — Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады. - Иә, сен шынында да айбарлы екенсің, - деп алданған жолбарыс жөніне кетеді

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Павел9641
30.03.2020 12:29

 

Отбасы және ұлттық дәстүр

Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән берген халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз. Дәстүрге халықтың әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді.

Автор: Отбасым

 

2018-10-31

Дәстүр

 

2018-10-31

Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Кең байтақ даланы мекендеген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан.

Қонақжайлылық – «қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсынып, соған бір жасап қалу – ежелден келе жатқан ескі салтымыз. Қонақты ақжарқын көңілмен жақсылап күту – көргенділік, адамгершілік, азаматтық қана емес, тіпті міндет болған десек, артық айтқандық емес. Мұның бәрі де қонақжайлылық, меймандостық дәстүрді берік сақтау, оны бұзуға жол бермеу мақсатынан туындаған.

Ал бір ауылда той болып, не ас беріліп жатса, басқа ауылдар сол ауылға сусын ретінде, саба-саба қымызын артып  апарып отырған. Әрине, мұндай дәстүрлер, біріншіден қасиетті дастарханды қадірлеу болса,  екіншіден ақты, сусынды қастерлеу дәстүрі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Мирималистка
30.03.2020 12:29

Хат

Сәлем,досым.Қалың қалай?Сабағың ше?Менде бәрі жақсы.Сен қашан ауылға келесің?Мен және Ақтөс сені қатты сағындық.Жазғы демалыста келесің деген ойдамыз.

Маған жазған хатыңда қазақ халқының тұсаукесер деген салт-дәстүрі туралы мәлімет жазып жіберуді сұрапсың.Мен де көп білмейтін болғандықтан,атамнан көмек сұрадым.

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады.Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан.Сол жіппен баланың аяғын тұсап,оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек,жайбасар а ң тұсауын кестірмейді.Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді,шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.

Досым,атам екеуміз саған көмектесе алдық деген ойдамын.Ендеше сау бол!Хат жазып тұр.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота