1. Жанар – біріншіден, кластағы ең ақылды қыз.
Кластағы ең ақылды қыз кім?
Жанар кластағы ең ақылды қыз ба?
Жана қандай қыз?
2. Барып тұрған өнерлі қыз.
Ол қандай қыз?
Жанар өнерлі қыз ба?
Өнерлі қыз кім?
3. Кластағы бірінші үздік оқушы.
Кластағы бірінші үздік оқушы кім?
Кластағы бірінші үздік оқушы ма?
Қай жердегі бірінші үздік оқушы?
4. Әкесі - Балабек бригадир болып істейді.
Әкесі кім болып жұмыс істейді?
Әкесі Балабек бригадир болып істей ме?
Әкесінің есімі кім?
5. Мен түнделетіп жайлауға кетем.
Кім түнделетіп жайлауға кетеді?
Мен түнделетіп жайлауға кетем бе?
Мен түнделетіп қайда кетемін?
Қыран, қыран бүркіт. Түсіндірме сөздікте «қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы деп баяндайды. Әрине, бұл мағына аталған құстардың қасиетіне қарай кейін пайда болса керек. Кейбір түркі тілдерінде, атап айтқанда, қырғыздарда қыран — епті, алғыр сияқты мағыналарда қолданылады. Және бұл тілде тек жыртқыш құс қана емес, аңға салатын иттерге де (тазыға) айтыла береді. Шамалауымызша, сөздің алғашқы тұлғасы «қыр» болып, мағынасы — жою, құрту етістіктерімен синонимдес болуы ғажап емес. Құс атауы — «қырғи» да осы түбірден туындаған деуге болады. Бұл деректер бойынша, «қыран бүркіт» тіркесі «епті, алғыр бүркіт» түсінігімен деңгейлес келеді. «...жаз — қаршыға, қыс — бүркіт дегендей босағасынан бір қыраны арылмайтын еді» (С. Мұқанов, Аққан жұлдыз.).[1]