Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!
Мен өз отбасымды сүйемін. Біздің отбасымызда атам, әжем, әкем, анам, інім және мен тұрамыз. Отбасында барлығымыз үлкенді сыйлап, кішіге көмектесуге үйренгенбіз. Кешкілік күнде атамның әңгімесін тыңдаймыз. Атамның әңгімелері өте қызықты, қанша тыңдасаң да жалықпайсың. Мен ас дайындап, үй жинауға анама көмектесемін. Інім әкеме көмектеседі. атау ата, дәрігер, отбасы ілік атаның, дәрігердің, отбасының барыс атаға дәрігерге отбасына табыс атаны дәрігерді отбасын жатыс атада дәрігерде отбасында шығыс атадан дәрігерден отбасынан көмектес атамен дәрігермен отбасымен
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку