Serey9999
18.06.2021 08:00

Неологизм- 2 сөйлем
Термин сөз-3 сөйлем
Диалект-2 сөйлем
Кәсіби сөз-2 сөйлем​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
suslenok91
28.11.2020 15:46

1 нео.

Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.

Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:

Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.

Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.

Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.

Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.

Жаңадан енген сөздердің тың, жаңа екендігі аңғарылып, сезіліп тұрғанда ғана неологизм болады. Уақыт өткен сайын кейбір сөздер үйреншікті, бұрыннан да бар сөздер секілді болғанда, неологизм болудан қалады.Мысалы:колхоз, комбайн, бригадир, электр, радио, партия т.б.сөздері алғашқы кезде неологизм болса, кейін сөздік қорға еніп кетті.Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып екіге бөлінеді.

1.Лексикалық неологизмдерге жаңа заттың ұғымның шығуымен пайда болған сөздер, мысалы: теледидар, космос, ба з, аялдама т.б.

2.Семантикалық неологизмдерге сөзбе-сөз аудару жолымен пайда болған сөздер: Мысалы: жүйе (система), шарт (договор), шөгінді (осадки), т.б.

0,0(0 оценок)
Ответ:
колдун3
28.11.2020 15:46

Неологизм:

1Менің ағам "кеден қызметінің үздігі" марапатына ие болды.

2Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.

Термин:

1. Бүгін біз физикадан оптика, энергия, қуат, күш, Ом заңдарын қайталап өттік.

2. Дауыл - циклон және тайфун ретінде белгілі осы үлкен құйындататын борандар ғимараттарды қиратып,жоларды бұзады.

3.Сатира - өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.

Диалект:

1.Анашым ,маған көгілдір түсті сым алу керек еді( сым-шалбар)

2.Мен байқамай ыдыс жуып жатқанда  сапал құлатып алдым.

кесе-сапал

Кәсіби:

1. Менің әжем ұршық иіріп отыр - ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал

2. Жүген – ер-тұрман әбзелі. Ауыздық пен тізгін арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданылады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота