Қазіргі жастар бос уақытын телефонда өткізеді деген оймен толықтай келісемін.Себебі, бұрынғы заманның балалары сыртқа шығып ойнаса,қазіргі ұрпақ телефондағы ойындарды ойнайды.Телефон балаға көп зиян келтіреді.Олар қолдары бос болса,бірден телефон ұстап, ойындар ойнайды.Телефон денсаулыққа зиянын тигізеді.
Бір жағынан телефонның да көмектері бар.Телефонда керек дүниелеріңді іздеп,ғаламтордан табуға болады. Қазіргі кезде телефоны жоқ адам жоқ.