Roman4ik23
31.05.2020 19:16

Тапсырмалар түрлері: Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – оқылым, екінші компонент – жазылым және тілдік бағдарға арналған.
Оқылым
Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті.
«Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген.
Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған.Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған.
Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар.Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.
1-тапсырма

Ой бөлік Тақырыбы Негізгі идеясы 1 Тірек сөздер 5

2-тапсырма

Менің ойымша,
Оны былай түсіндіремін:
Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін:

Ойымды былай қорытындылаймын:

3-тапсырма
Жазылым
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқығаннан кейін, «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» тақырыбына эссе жазыңыз. Етістің 4 түрін орынды қолдана отырып, шағын эссе жазыңыз. 60 сөз

4-тапсырма Етістің 4 түрін үш мысалдан жаз
Өздік етіс Өзгелік етіс Ортақ етіс Ырықсыз етіс

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
fackaF39
14.02.2023 22:43

«Сіз үшін отбасының маңызы қандай?» диалог.

Мейрамбек: Әпке, осы «Отан отбасынан басталады» деп жатады үлкен кісілер, осы сөздердің мағынасы қандай?

Алтыншаш: Жаным, шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады.

Мейрамбек: Сонда, біздің отбасымыз да Отанның бір бөлшегі сияқты ма?

Алтыншаш: Дұрыс айтасың, әрбір отбасы қоғамның бір мүшесі ретіндей. Отбасының адам өмірінде алар орны мен маңызы ерекше.

Мейрамбек: Ал отбасының қандай маңызы бар?

Алтыншаш: туған үйдің жылуы адам көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі.

Мейрамбек: Мен сіздің арқаңызда бұл терең ұғымның мағынасын енді ғана түсінген сияқтымын. Рахмет сізге!

Алтыншаш: Оқасы жоқ, алтыным!

0,0(0 оценок)
Ответ:
ирина1229
08.03.2023 05:18
1. 8,7 миллионов видов.
2. Систематика изучает распределение живых организмов в определенные группы согласно общности их строения с максимальным сохранением эволюционных связей. 
3. Установил универсальность видов и выделил их главный признак (свободное скрещивание особей одного вида).  Ввел основные единицы систематики: вид, род, семейство, отряд, класс. Создал систему органического мира.  Ввел бинарную номенклатуру, которая указывала на принадлежность организма к роду и виду. Описал около 10 тыс. видов растений и около 4,5 тыс. видов животных. Усовершенствовал ботанический язык. 
4. Разнообразная адаптация  к окружающей среде и др.
5. Тип, подтип, класс, подкласс, отряд, подотряд, семейство, род, вид.
6. Это бинарная система. Первое слово означает род организма, второе слова вид. Homo(род) sapiens(вид).
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота