nek444
27.10.2020 13:33

Рунаның жазуының мағынасы пйтындарш

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
4РИМ
27.11.2020 12:18

Руналық жазу (көне сканд.run - көне, құпия) орыс. руническое письмо — 2—3 ғғ. бастап кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған әліпби. Латын жазуының таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудың таңбалары сына тәрізді сүйірленіп, негізінен, металл, тас, ағашқа жазылған. Бұл әліпбидің құрамы, таңбалануы уақыт өткен сайын өзгеріп отырған. Ғылымда 150-дей жалпы германдық бұрынғы (үлкен) Руналық жазу (негізінен Ютландия, Скандинавия аралдарымен Еуропаның басқа аудандарында) және 3500-ден аса кейінгі (кіші) Руналық жазу белгілі. Руналық жазудың ерекше түрі 7—10 ғғ. Англияда болған. Бұрынғы Руналық жазу мен кейінгі Руналық жазу қызметі жағынан да, тілі жағынан да бір-бірінен ерекше. Бұрынғы Руналық жазу қару-жараққа, тасқа жазылған. Олардың тілі негізінен біркелкі және өте ескі, көне герман тілдерінің ешбіріне сәйкес келмейді. Сонымен бірге ол сиқырлау мақсатында да қолданылған сияқты. Ал кейінгі Руналық жазуда көне Скандинавия тілдерінің ескерткіштері (тастағы мемориалдық жазулар) жазылған. "Руналық жазу" термині басқа көне жазуларға қатысты да айтылады, мысалы, дат ғалымы В. Томсен оны көне түркі жазулары үшін қолданған.[1]

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота