Alfa1sames
06.09.2020 21:00

Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. 1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.
Отан отбасынан басталады
Әр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді.Сіздің де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.

Таулар сыры
Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз ойыңызды жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
свайпер
05.09.2021 00:12

Алтын ұя – мектебім шағын шығарма

«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.  

Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.  

Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.  

Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.  

Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне  барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
lisafoxxxxxxxx
29.07.2021 05:16
Қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.Әкенің орны ерекше де, шеше орны ерекше .Әке- отбасының тірегі, ал шешені әке де, балалар да сыйлайды. Мен Қостанай қаласында тұрамын. Мен физика-математикалық лицейде, 10-ыншы «Б» сыныпта оқимын. Отбасымызда үш адам бар. Олар: әкем, шешем және мен. Менің сіңілі(қарындас),інім, әпкем жоқ. Әкемнің аты-жөні –Самат Елтайұлы, ол басшы болып жұмыс істейді. Әкем 35-те. Ол орта бойлы, қара торы. Ол бауырмал, байсалды және жұмсақ мінезді. Шешемнің аты-жөні –Гүлжан Маратқызы , ол дәрігер. Шешем 35-те, ол орта бойлы, қара көзді, қара шашты. Шешем мейрімді және ақылды адам. Анам, әкем екеуі бір-бірін сыйлайды, бір-біріне сенеді. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін және ата-анамды құрметтеймін. Біздің отбасымыз тату тұрады. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота