maktanya563
13.03.2020 11:57

Пәні қазақ әдебиеті Күні 28.10.2020.

Сыныбы 5 «А

Сабақ реті 17-сабақ.

Сабақ тақырыбы Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жетімдік

Оқу мақсаты Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау Т/Ж2

Сабақ мақсаты Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз

Жаңа сабақ.

Орындауға арналған тапсырма Кіріспе бөлім.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша

Оқушы, суреттерге назар аудара отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

- Осы суреттерден нені байқадыңыз?

- Үшеуін бір-бірімен байланыстырып көріңіз, қандай ұқсастық, айырмашылық бар?

- Үшінші суреттен ше?

- Неліктен ұл бала жалғыз өзі отыр?

- Сонда жетімдікті қалай түсінеміз?

- Сабақ тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

- Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі

- Сабақтың мақсаты – әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

«Джигсо» әдісі арқылы

Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кестеге назар аудара отырып, КІМ деген бос кестені толтырыңыз

Кім?

Өмір дерек (өмірбаяны) Шығармалары

Бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Қызылжолда деген атамекенінде 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын бірқыдыру бере білді.

Жеке кісілерге арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға» т. б. өлеңдерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білді.

Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиет нама» деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны — Шәкір Әбенов.

Ол — Патшалық Ресейдің казақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.

Ақын өз заманындағы осы патшаның отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап, кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды толғаулар айтады.

Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. Оның мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Атап айтқанда, «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға жем тілеп» деген өлеңдерінде орынсыз мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп, кішіпейілділікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздайды. Адам бойындағы асыл қасиеттерді ардақтаған ақынның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні бүгінге дейін жойылған жоқ.

Орындауға арналған тапсырма Оқулықтан «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін оқы.

- Мазмұны бойынша Ақтан жас деген кім?

- Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?

- Қалай ойлайсындар, ақын үміті ақтала ма?

- Бұл өлең жетім бала Ақтанға арналған. Демек, арнау өлең. Ақын бала болашағына көз жүгіртіп, мақсатына жету үшін қажымай-талмай күресу керек екенін айтады, оған деген сенімін білдіреді.

Тапсырма

1-деңгей

«Өлеңге қатысты 10 сөзді атаңыз» әдісі

Осы өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашатын және кейіпкерге қатысты 10 сөз атаңыз.

2–деңгей

«5-5-1» әдісі

1-әрекет: Өлең мазмұны бойынша нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазыңыз.

2-әрекет: Сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартыңыз.

3-әрекет: Сол 5 сөзді 1 сөзге қысқартыңыз. Түйінді сөзді жазыңыз.

«Жетімдік» сөзіне өз ойыңызды жинақтап, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашуда ойыңызды жазыңыз.

3–деңгей

Өлеңді түсініп оқып, салыстырыңыз, өмірмен байланыстырып, қорытындылаңыз.

Ақтан жас кезіндегі жетімдік Қазіргі кездегі балалар үйіндегі жетімдік

Орындауға арналған тапсырма Қорытынды

«Тұжырым» әдісі

- Менің ойымша, шығармадағы басты идея.

- «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

- «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...»

- «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Үйге тапсырма: өлеңді жаттау

комек

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Anif
07.07.2020 18:03

Гжель - Мәскеуден 60 шақырым жерде орналасқан көркем Мәскеу облысының атауы. «Гжел» сөзі бүгінде өте танымал. Гармония, ертегі мен шындық сұлулықпен байланысты. Керемет көгілдір кескіндеме мен түрлі -түсті майоликадан жасалған фарфор қазір Ресейде ғана емес, шетелде де танымал. Gzhel өнімдері сұлулықты, бай қиял мен үйлесімділікті, жасаушылардың жоғары кәсібилігін ұнататындардың барлығын тартады. Гжель - орыс керамикасының бесігі және негізгі орталығы. Мұнда оның ең жақсы ерекшеліктері қалыптасты және халық шығармашылығының жоғары жетістіктері көрінді.

Бұл орыс халқының қолөнері неше жаста?

Гжель аумағындағы археологиялық зерттеулер бұл жерде XIV ғасырдың басынан бері қыш ыдыстардың болғанын растайды. Ал Гжель жері бұрыннан ормандарға, өзендерге, жоғары сапалы саздарға бай болғаны таңқаларлық емес. «Мен одан жақсы ақтығын көрген емеспін.» Содан бері алты ғасырдан астам тарихында Гжель әр түрлі кезеңдерді бастан өткерді.

Ғжел шаруалары ғасырлар бойы көтерме тұрмыстық бұйымдар, плиткалар, плиткалар жасады. 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап ол майолика тағамдарын шығарумен әйгілі болды. Бұл ақ эмальға түрлі -түсті бояуы бар түрлі түсті саздан жасалған заттар. 19 ғасырда Гжель шеберлері жаңа материал мен жаңа технология ойлап тапты: олар жартылай фаянсты, содан кейін фаянсты және, ақырында, фарфорды шығарды. Бір түске боялған заттар ерекше қызығушылық тудырды - графикалық бөлшектері бар қылқаламмен көмкерілген көк асты бояу. Көптеген шағын фабрикалар мен ірі кәсіпорындар фарфор мен фаянс шығарумен айналысты.

19 ғасырдың аяғы - 20 ғасырдың басы терең дағдарыс кезеңіне айналды. Гжель өнері мәңгілікке жойылып кеткендей болды.

Соғыстан кейінгі кезең қолөнердің жандануының басталуымен және өздерінің бейнелі тілін іздеумен байланысты. Бұл жылдар бойы қажырлы және тынымсыз еңбекті, жаңа шеберлерді дайындауды қажет етті. Нәтижесінде бұл табысқа әкелді.

1972 жылы бірнеше ауылда орналасқан алты шағын өнеркәсіп негізінде «Гжель» бірлестігі құрылды. Шығармашылық топтар жаңа дизайнды әзірледі. Өнімнің мүлдем жаңа формалары жасалды. Кескіндеме байып, қазіргі күннің көркемдік талаптарына жауап береді.

Бүгінде «Гжель» қауымдастығы - бұл жоғары білікті 1500 жұмысшыдан тұратын 6 өндірістік қондырғыны қамтитын заманауи кәсіпорын.

Гжель - бұл вазалар, мүсіншелер, ойыншықтар, интерьер заттары: каминдер, люстралар және басқа фарфордан жасалған бұйымдар. Gzhel өнімдері ресейлік және халықаралық нарықта тұрақты сұранысқа ие.

Гжель - халық шығармашылығы мен өнерінің композициясы. Фарфор өндірісінде Гжель халық өнеріндегі ескі орыс дәстүрлерін ұстанады. Гжель шеберлері әр бөлікті тек қолмен бояйды. Гжельдің өзіндік стилі бар - көк және көк өрнектер мен гүлдер, ақ фонда әшекейлер. Кескіндеме кобальттан жасалған, ол технологиялық процесс барысында Гжельге тән көк түске ие болады.

«Гжелде» жоғары білікті және дарынды суретшілер, мүсіншілер мен технология шеберлері жұмыс істейді.

Гжельде дөңгелек білім циклы бар. Тәрбие балабақшадан, орта мектептен басталады және Мәскеудегі Гжель көркем колледжі мен аспирантурамен аяқталады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
katerina344
07.07.2020 18:03

Гжель - орыс керамикасының бесігі және негізгі орталығы. Мұнда ол дүниеге келді, мұнда оның жоғары жетістіктері халықтық өнер мұрасының көрнекі үлгісі ретінде көрінді. Қазіргі уақытта Gzhel керамикасынан жасалған бұйымдар 1500 жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейтін Gzhel қауымдастығындағы алты заманауи өндіріс орнында шығарылады. Гжельдің өзіндік стилі бар - көк және көк өрнектер мен гүлдер, ақ фонда әшекейлер. Кескіндеме кобальттан жасалған, ол технологиялық процесс барысында Гжельге тән көк түске ие болады. Gzhel өнімдері әдемі нәрсені жақсы көретін адамдарды тартады. Фарфор өте әдемі, жақсы киінген, өнімдердің кең ассортименті бар. Бұл әр түрлі тағамдар, қораптар, вазалар, мүсіншелер, ойыншықтар мен интерьер заттары: керамикалық плиткалар, каминдер, люстралар, телефондар.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота