Гений1611
24.02.2020 01:43

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жолсапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесіріт иеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.
1- Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді жазыңыз[1]
2. Мәтін мазмұнына сәйкес 6 сұрақ құрастыр[3]
3. Қарамен жазылған сөздер мәтінде не үшін қолданылған? Аудар, мағынасын жаз
[3]
4. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған?
[1]
ІІ. Жазылым
Берілген екі сұрақтың біреуін таңдап, сұрақтарға толық жауап беріңіз.
Қазақ жазуының даму жолы
Қалалық байқауға қатысқалы жатырсыз делік. «Елбасы 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшетініміз туралы Жарлыққа қол қойды. Сіз бұл шешіммен келісесіз бе?» тақырыбында эссе жазыңыз. Афоризмдерді орынды қолданыңыз.
Көшпенділер мәдениеті

І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқығаннан кейін, мектеп журналына «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» тақырыбында мақала жазуға шешім қабылдадыңыз. Афоризмдерді орынды қолдана отырып, шағын мақала жазыңыз.



[7]
соч по казяз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nikitakuryan228
31.01.2021 21:03

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Dinomyron
22.05.2023 10:40

ответ: балам, апаң, ата- анаң, атасы

Менің атам. Біздің сіңліміз.

Сенің әжең. Сендердің жұбайларың.

Сіздің Бауырыңыз. Сіздердің нағашыларыңыз.

Оның қарындасы. Олардың досы.

Әйелі, көршім, отбасым, інің

|| деңгей

Жақсы-жаман

Ұзын-қысқа

Аққұба-қараторы

Жалқау-еңбекқор

Ақылды-ақымақ

Менің атым- Әлімжан, әкемнің аты-Кәмил.

Мен Әл-Фараби атындағы ұлттық университетте оқимын.

Ол - Астана қаласындағы 12 мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі

| деңгей

Отан оттан да ыстық.

Отан отбасынан басталады,

Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін алыссаң, өлмейсің.

Опасызда отан жоқ.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота