LTKaty
12.03.2020 21:26

«Білім. Ғылым. Инновация» және «Сауда жасай білесің бе?» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Күнделікті өмірде нан тез арада көгеріп кететіні белгілі. Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады. Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көкөністер мен жеміс- жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін.
(120 сөз)
Мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды орындаңыз.

1. Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз. [1]
А) Нан өте тез көгеріп кетеді.
В) Жаңа технология бактерияларды жояды.
С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.

2. Стиль түрін анықтаңыз. [1]
А) Көркем әдебиет стилі.
В) Ресми стиль.
С) Публицистикалық стиль.
D) Ғылыми стиль.

3. Мәтін мазмұнын тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы болжаңыз. [1]

4. Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз. Екі сөзден артық жазбаңыз. [1]

Бұл әдіс азық-түлік үшін өте пайдалы.

5. Берілген сұраққа жауап беріңіз. «Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер» деген мақалды қалай түсінесіз? [1]

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ez0lotareva
01.04.2021 01:22

Салем, . Мен сені ұлы той Наурыз мерекесімен құттықтағым келеді. Бұл мереке қазақтардың ежелден келе жатқан дәстүріміз емес пе? Бұл уақытта күн мен түн теңеледі.Сол себепті құттықтамай қоя алмадым.Алдыңғы көктемдегідей осы мейрамды сенімен қарсы,сенімен Наурыз біткенше жақсы көңіл-күймен жүргім келеді. 22наурыз жай мереке емес, Қазақ халқы бұл мерекеде наурыз көже дайындап,қонақ күтіп,ұлттық ойындар ойнаған. Біз бұл мейрамды дәстүр ретінде үзбей келе жатырмыз.Сол себепті бұл жаңа жылымызбен сені құттықтап отырмын,Құтты болсын мейрамың .

0,0(0 оценок)
Ответ:
yura23424
15.04.2021 05:36

ответ:Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.[1]

1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі,

1967-1971 жылдары "Жазушы" ба бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.

1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте,

1984-1986 жылдары "Жазушы" ба ң бас редакторы.

1987 жылы еркін шығармашылык қызметте,

1988 жылдан бері "Жұлдыз" журналының бас редакторы.[2]

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

"Аласапыран" тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының сахибы.

“Кешқұрым” атты тұңғыш әңгімесі 1964 жылы “Жұлдыз” журналында жарияланды.

"Қобыз сарыны" атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды.

"Көкмұнар" (роман, 1972), "Бір атаның балалары", "Көк мұнар" (повестер мен әңгімелер), "Аласапыран" (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), "Шақан Шері" (роман), "Мен" (ғұмырбаяндық роман-хамса), "Құмырсқа-қырғын" (әңгімелер), "Ұлтсыздану ұраны" (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген.

2002 жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота