magiklen
24.02.2022 15:03

Мәтіндерді өзара салыстырыңыз . Екі мәтіннің тілдік қолданыстарынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз ? Мәтіндердің ойына қатысты пікіріңізді білдіріңіз . 1 - мәтін Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі . Жеке адамның бойындағы ар - ұятын , ақыл - ойын адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті , басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ . Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп , қалыптасады . Отанға деген ыстық сезім — жақындарына , туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады . Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз . 2 - мәтін Төле би ел арасында " Қарлығаш әулие атанып кеткен екен . Аңыз бойынша , елге жоңғарлар шауып , ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан . Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті . Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді . Ел үдере көшкенде , өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кiсi жібереді . Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұра бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді . Сонда Төле би жоңғарларға амандықсыз сөз бастағанын айтып , бір тықыртса , көшпеуінің себебін айтып , екінші тықыртқан екен . Жұртпен бірге бас сауғалап , үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен : " Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен . Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім . Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып , балапандары шырылдатқым келмеді . Сендердің де үйлеріңді ойран етіп , бала шағаларыңды шырылдатса , өздеріңе жақсы болар ма еді ? " Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып , әскеріне би шаңырағына да , ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады . Содан бері Төле би " Қарлығаш әулие " атанып кеткен екен . Мәтіндер стилі тақырыбы мазмұны тілдік ерекшеліктері 1 - мәтін 2 - мәтін​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
совуша2007
11.02.2023 20:48

Еңбек, кәсіп туралы.

Кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі.

Кәсіп таңдаудағы негізгі мақсат – өзіңе ұнайтын жұмыспен айналысып, еңбегіңнің жемісін көру.

«Кәсіп - бақыттың шырағы, еңбек - ырыстың бұлағы» демекші, өзіңе ұнайтын өмірлік кәсіп тауып, сол еңбегіңнің жемісін көрсең, өзіңді бақытты сезінесің. Себебі еңбегің еленеді, сол арқылы ақша тауып, несібелі боласың.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

0,0(0 оценок)
Ответ:
дуда1
24.04.2023 12:24

Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған.

Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:

шимайторсық,

өркешторсық,

жанторсық,

мүйізторсық, т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әр түрлі өрнек салынады.

Дастарқан — ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарқанды кейде "асжаулық" деп те атайды. Дастарқан сол үшін көбінесе ашық түсті не гүлді маталардан көлемі әртүрлі етіп тігіледі. Дастарқанның жиегін қайырып сыриды, сәнді болуы үшін шашақ тағады. Қазіргі кезде көбіне клеенкадан жасалған дастарқан пайдаланылады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота