Anastasiya922
10.12.2021 01:06

«Сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің» деген әке сөзінде қандай мән жатыр? Ойыңызды дәлелдеңіз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
пага3
30.09.2022 03:49

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады.

1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.

Рақымжан Қошқарбаев (1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы (1999).1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,

1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
danilabelinovp08mj9
24.08.2020 12:38
Алматы – менің сүйікті қалам.    Кейде қауырт  тірліктен шаршап, тыныстағым келгенде балконға шығып кететінім бар. Күрең күзбен бірге құлазып қалған көңіл бір нәрсені қалайтын сияқты. Көзге  емес, көңілге тізгін беріп шоламын айналамды. Кәрі Алатаудың бауырында жатқан түнгі Алматы. Аспанға ұмтылған абат үйлердің  ар жағынан еңсесін еңкейтпеген Алатау менмұндалап қол бұлғайды. Күндіз де, түнде де тыншыматын ару Алматы  кәрі қамқоршысының қарауында.  Алматы – Алатаудың ару қызы. Түн құшағына еніп қарайып кететін Алматы жоқ. Мүлгіген қарт Алатаудың қойнында жатса да  түн баласы келгенде қайта түрленеді. «Өмірдің қиындығына төзе біл. Болашағыңды түрлендір!» деп сыр айтқысы келетін сияқты түнгі Алматы. Өз басым солай ұғамын.   Кейде түнгі шамдарын жаққанда ерекше құлпырады. Әсіресе көзге оттай басылатын ақ шамдары  аппақ арманға алып ұшатын ақ қанаттардай көрінеді. Айтпақшы, арман демекші, Алматы  біреуге – арман. Армандар орындалатын мекен. Жер бетіндегі жұмақ. Ақ тілегін алдынан ақтарып, Алматыдай алып қалаға әр ата-ана өз баласын талай аттандырған. Қашанда «тәбірік» болған сол дәстүр ешқашан толастаған емес. Тіпті қол жетпес айдай болса да,  болашағына «бал ашқандар» өз тағдырын дәу қаламен байланыстыратын. Кішкене шабаданын қолына ұстап,үлкен арман мен үміт жетелеп келген қаншама  жандар осы мекеннен бақытын тапты.    Мен осы қалада туып-өстім. Алматы менің – сүйікті қалам.Тротуарда тусам да қазақтың қадірін білетін жанмын. Біреулер «қалада қазақ болмайсың, қазақылық кеткен» деп жатады.Даланың төсінде еркелеп өскен ауыл балаларынан кем түспеймін. Себебі,қазақылық пен қарапайымдылықтың иісі қалада да бар. Тек оны көре алатын қырағы көз керек. Мен сүйікті қалам – Алматымен  мақтанамын, марқаямын.      Байқасаңыз әрқашан жан-жағын жан шуағына бөлеп,  сәуле шығаратын жақсы жандар болады ғой. Мен Алматыны соған ұқсатамын. Біреуге арман болған, біреуге бақыт  әкелген Алматы. Біреуді қолтығынан демеп, желеп-жебеп, арманын – асуларға, өзін қарапайымнан  асылдарға жеткізген Алматы. «Таланттар далада туып, қалада өледі» демекші, өнер мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналып, талай жастың көкірек көзін ашып, талантты тау тұлғаларды тәрбиелеген, алақанға салып әлдилеген – Алматы. Берекесі мен мерекесі, тірлігі мен бірлігі жарасқан – Алматы. Талай тағдырды тоғыстырған, жалғыз жүректерді жолығыстырған–Алматы. Еркіндік пен кеңдікті, насихат пен теңдікті ұстаған –Алматы. Мұң-қайғы мен шаттықтың, жастық пенен қарттықтың куәсі болған –Алматы. Ақындарға жыр болған, сазгерлерге  әуенмен шертер сыр болған–Алматы!..    Күндіз қаптаған халық нөпірінен  еңсеңді езіп тастайтын қала  түн келсе де түнермей жарық шамдарын жағып, мені тыңдап, тына қалғандай болады. Күндіз мен оны, ал түнде ол мені тыңдайды. Шабытыма шабыт қосып, шарқ ұрғызады. Кейде қиял жетегіне еріп, балконнан әрі асып, ұшып шығып  «қабақтарын түкситкен тау аталарға» қарай бір тартқым келеді. Жарқырай жылы шырай танытып тұрған әсем Алматыны сонда отырып бір көргім келеді.Ынтықпын өзің жайлы жұмбақтарғаЖер бетінде өзіңдей жұмақ бар ма?..  Бір муза-сезім қылымды  қозғайды...Өзіңе ән-жыр арнаған  алдыңғы толқынның көшіне еріп,   мен де сезім қылын шертсем ол артық ете қоймас, ару қала!  Саған әр түн сайын мен сияқты жасөспірімдердің жүрегінен  ақтарған жауқазын жырлардың жазылып жатқаны рас. Алматы – менің сүйікті қалам!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота