3 тапсырма
Романның басты кейіпкері Еламан өте қарапайым шаруа болған. Өзінің туа біткен мінезі өршіл, намысқой және қайратты жігіт. Намысқойлығы мына жерде білінеді:
Бай ауқаттылардың, Қаратаздың қорлығына және айтқанына намыстанып , өзінше сес көрсетіп балықшылар арасына кетіп қалған.
Еламан ақылды, сөзі анық яғни, сөз түйгіш көкірегі ояу жан болған. Өзі дүниеге, байлыққа қызықпайды.
Кей жерлерінде Еламанның өте сабырлы және жуас екені айқын көрінеді. Адамгершілігі мол, турашылдық, әділеттілікті қалайтын бірден бір кейіпкер.
Сол кездегі кәсібі Арал теңізінде балықшылықпен айналысып , күнін көрген.
Романда Еламанның әкесі Науан жайлы айтылады.
4 тапсырма
1.Оқиғаның басталуы: Қазақ ауылының тұрмысы, жоқшылық зардабы .
2.Дамуы: Балықшылар тағдыры.
3.Шиеленісуі: Федоровты өлтіруі, Сібірге айдалу ы.
5.Шарықтау шегі: Саналы күреске шығуы және ескі өмірдің күйреуі.
6. Шешімі: Тәңірбергеннің шөл далада жалғыз қалуы, Еламанның
жар сүйіп, бақыт табуы, жаңа өмірі.
5 тапсырма
1. Суды үнемдеу қажет
2. Менің ойымша, суды үнемдеген өте дұрыс. "Судыңда сұрауы бар" деп дана халқымыз бекер айтпаған. Таза судыңда таусылмасына кім кепіл? Суды ысырап жасамай, үнемділікпен қолдануға тырысу қажет.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне,жетпіс екі жыл толмақ. Отаны үшін қаншама әпкелеріміз бен ағаларымыз жанын қиды. Соғыс деген сөздің өзі қандай суық десеңші. Өйткені, соғыс адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.
Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен а ң тарихында болмаған соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Егін даласынан диқаншы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, армандаған еді...