avatar23455
31.10.2022 16:47

Тапсырма Прочитать текст и определять падежные и көптік жалғау окончания, их переписать.

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы
өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір
суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар,
аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр
шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді
қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім
күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы,
таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің
мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп,
ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ
дала еш жерде жоқ шығар.
сделайте

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
9639933p08o1o
28.03.2023 08:47
Я не очень поняла,так что написала по своему,надеюсь

КАЖДЫЙ ДЕНЬ МЫ ОБЩАЕМСЯ С РАЗНЫМИ ЛЮДЬМИ, ВЫСКАЗЫВАЕМ СВОЕ МНЕНИЕ, СПОРИМ, ДОКАЗЫВАЕМ, ОТСТАИВАЕМ СВОЮ ПРАВОТУ.
ОГРОМНАЯ СИЛА ЗАКЛЮЧЕНА К НАШИХ СЛОВАХ. НО ТОЛЬКО В ТОМ СЛУЧАЕ, ЕСЛИ МЫ УМЕЕМ ПРАВИЛЬНО РАСПОРЯЖАТЬСЯ ЭТОЙ СИЛОЙ, НАПРАВЛЯТЬ ЕЕ В ПРАВИЛЬНОЕ РУСЛО! ЕСТЬ ЛЮДИ, КОТОРЫЕ НАИВНО СЧИТАЮТ, ЧТО ЧЕМ БОЛЬШЕ ОНИ ГОВОРЯТ, ТЕМ УМНЕЕ КАЖУТСЯ, НО ЭТО ДАЛЕКО НЕ ВСЕГДА ВЕРНО. ВПОЛНЕ ЕСТЕСТВЕННО, ЧТО КОГДА МЫ ЧТО-ТО ЗНАЕМ, ТО ХОТИМ РАССКАЗАТЬ ОБ ЭТОМ ДРУГИМ ИЛИ ПОКАЗАТЬ ИМ, ЧТО МЫ ЭТО ЗНАЕМ.
СЛОВО – ЭТО ОСОБЫЙ ИНСТРУМЕНТ, КОТОРЫМ НУЖНО ПОЛЬЗОВАТЬСЯ ОЧЕНЬ УМЕЛО, ЧТОБЫ НЕ РАНИТЬ ДУШИ ЛЮДЕЙ. СЛОВОМ МОЖНО ДО СМЕРТИ ОБИДЕТЬ ЧЕЛОВЕКА, А МОЖНО ОСЧАСТЛИВИТЬ. НЕ ЗАБЫВАЙТЕ КАК СИЛЬНО И МОГУЩЕСТВЕННО СЛОВО. ПРИМЕНЯЙТЕ ЭТОТ ТОНКИЙ ИНСТРУМЕНТ ТОЛЬКО ДЛЯ ДОБРЫХ ДЕЛ. ОТ ВАС В ЖИЗНИ БУДЕТ ЗАВИСЕТЬ ОЧЕНЬ МНОГОЕ: НАСТРОЕНИЕ, ЗДОРОВЬЕ ОКРУЖАЮЩИХ ЛЮДЕЙ!
0,0(0 оценок)
Ответ:
dashakoshelevap06xlg
21.02.2023 13:14

Объяснение:

Күлтегін (684-731 жж.) - Құтлық(Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ашина тектi.

Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық ( 680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады.[1]

Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түріктің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түрік еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудың авторы Йолығ тегін Күлтегін ерлігін былайша тізбелейді:

Он алты жасына келгенде алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Ол тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандады. Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. (Күлтегіннің) сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық... Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) атқа мініп шауып, тоғыз ерін шанышты... Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты...

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота