
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Бауырсақ дайындау.
Бауырсақ – қазақ халқының ұннан дайындалатын ұлттық тағамының бірі. Бауырсақсыз кез – келген мерекелік отырысты, той – думанды елестету мүмкін емес. Әрбір отбасының өзіндік бауырсақ дайындау ерекшеліктері болады. Мысалы, анам әдетте бауырсаққа сүт қосып жасайды, сонымен қатар айран тұрып қалса, қамырға айранды қосып та істей береді. Ал әжем болса, бауырсақты тоң майға қуырады.
Сонымен, анамның бауырсақ істеу тәсілімен бөлісейін.
Қажетті заттар:
Бір кесе жылы су
Жарты кесе сүт
Ашытқы (көз мөлшерімен) бір шай қасықтай
Бір жұмыртқа
Екі ас қасық сұйық май
Қант екі ас қасық
Тұз қалауыңызша
Ұн керегінше
Дайындалуы:
Анам алдымен ұннан басқа құрғақ заттарды араластырып алады. Одан кейін жылы су мен сүтті, сұйық майды араластырып, жұмыртқа қосады. Үстінен араласқан құрғақ заттарды қосып, жақсылап араластырады. Одан кейін керегінше ұн қосып, қамыр басады. Дайын болған соң терең ыдыстың түбіне май жағып, қамырды салып, бетін жабады да, жылы жерге бір – екі сағатқа қояды. Қамыр көтерілгеннен кейін, екі бөлікке бөліп, әрқайсысын қатты жұқа қылмай илеп, ромб тәріздес кеседі. Май қызғанша кесілген бауырсақтарды орамалдың астына қояды. Май қызғаннан кейін бауырсақтарды екі жағынан қуырады.