makslazarev201
06.11.2021 15:27

ТЫҢДАЛЫМ оқылым 3
-тапсырма.
Мәтінді оқы.
Тауда аң-құс көп. Кәдімгі қоңыр аюлар бар. Ерен-Қабырға (Тянь-Шань) тауын өте
сирек кездесетін ақ тырнақты Тянь-Шань аюы мекен етеді.
Тауда түлкілер мен құнулар да бар. Бұл жақта қасқырлар да жүреді. Әдеттегі сұр
қасқыр мен қызыл қасқыр да кездесуі мүмкін. Әсіресе сусар тұқымдастарға жататын аң
түрлері көп. Олар — сусардың өзі мен соған ұқсайтын ақ тышқан. Тау биігінен тауеш-
кілер мен арқарларды көруге болады. Бірақ барыстар азайып кеткен. Сондықтан бары-
стар «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген. Оларды мемлекет өз қорғауына алған. 1
Жылдан-жылға таутеке саны кеміп, көз алдымызда құрып барады. Ал құстарға
тауда еркіндік мол. Орман ішінде қорек етіп, шоқитыны көп. Жартастарда ұларлар
айқайлайды. Таңертеңнен кешке дейін Альпі ұзақ қарғалары қарқылдап жүреді. Қалың
шырша ормандарынан жапалақты кездестіруге болады. Орманда жапалақтың жақын
туысы - үні де бар. Жапалақ пен үкі — түнгі аңшылар. Олар тышқандарды жеп күн
кереді. Тышқан секілді басқа да ұсақ кеміргіштерді жейді.

Перевисти​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
superguluagina
26.12.2020 03:43

Ғаламтор - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған дүние. Тіпті, кейбіріміз ғаламторсыз өмір сүре алмайтын деңгейге жеттік. Ғаламтордың жылдамдығы нашарлап қалса болды, - ашуға беріліп шыға келеміз. Бұлай ашулануға негіз бар ма әлде жоқ па? Соны анықтап алайық.

Ғаламтордың пайдалы жақтары

Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Ғаламторда шек жоқ. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесіз, хабарласасың. Тіпті, адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр. Көрісе алмаған адамыңмен ғаламтор арқылы байланыс орнатасың. Ғашығын да ғаламтордан тауып жатқандар қаншама.

Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады. Одан бөлек, ғаламтор - нағыз табыс көзіне айналып отырған сала. Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес.

Ғаламтордың зияны

Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.

Ғаламтордың келесі зиянды тұсы - адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.

Одан бөлек, қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал.

Объяснение:

лайк басып лучший ответ дегенді басып кет:)

0,0(0 оценок)
Ответ:
орион12
13.06.2021 12:46

Салыстыру - жадтың екі аймағындағы бар нәрсенің ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау

Сыртқы-бейне - келбет, адамның немесе заттың түрі

Тамырын ұстайды - адам ағзасындағы дене мүшесі

Бітісіне - таудың, жердің орналасуы

Зерттейді - белгі бір нәрсе туралы информация алып оны зерттеу

Талдайды - қарастырып, қасиет - ерекшелігін, өзгеше сипат белгілерді танып білу

Тәжірибе жүргізеді - талдау

Шығармашыл - өнерлі, ойлау қабілеті терең.

Есімдіктер: оны, оның, сонан, әр, одан.

Объяснение: дұрыс болады деген ойдамын

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота