RILIR
02.11.2020 20:05

Қазақстанда тіршілік ететін жануарлар шығарма​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ясмина1604
22.11.2020 10:16

Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі жиі кездеседі.

Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды қырғи, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш құстар мекендейді.

Ашық алаңдарда тоқылдақ, қарғаның түрлері, бұлдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Дала тышқаны, ала қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі кездеседі. Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген.

Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Алтайда қоңыр аю, тундра құры, тау ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь - Шань, Тарбағатай шекарасынан өтпей қалған аңдар қатарына гималай ұларын, күштігенді, байғызды атауға болады.

Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау бойын бұғы, сілеусін, шымшық торғай, т. б. Батыс Тянь - Шаньды ұзын құйрықты тышқан, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді. Өзен, көл аймақтарындағы қарақұс, сұр шымшық, елік, ақ тышқан және балық түрлеріне бай.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота