Астрономия (көне грекше: ἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң» ) — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі - Күн), планеталар (соның бірі - Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Сондай-ақ, ғаламшараралық , жұлдызаралық ортаны, пульсарларды, қара құрдымдарды, тұмандықтарды, галактикаларды, квазарлард және т.б. зерттейді.
Жаңа жылды қарсы алу.
Жаңа жылды былай қарсы алады:жаңа жылға арнап шырша орнатылады.
Шыршаға әдемі ойыншықтар,түрлі түсті электр шамдарын іледі.
Түнгі сағат он бірде шыршаның шамын жағады.Отбасы мүшелері дастарқан басына жиналады. Олар түнгі сағат он екіде бір-бірін құттықтап,жақсы денсаулық, бақыт тілейді. Жаңа жыл-қуанышты мереке.
Балалар үшін үйлерде,мектепте,театрларда шырша орнатылады. Олар шыршаны айналып билейді,өлең,тақпақ айтады, ән салады. Жаңа жылдық мереке Аяз ата мен Ақшақар келеді. Олар балаларға сыйлықтар таратады