11-тапсырма. «Шығу парағын» пайдаланып, сұраққа жазбаша жауап бер. о • «Денсаулық зор байлық» тақырыбы бойынша не үйрендің? - Сен үшін бұл бөлімдегі қай мәліметтер маңызды болды? Өз жұмысыңа, сыныптастарыңның топ ішіндегі әрекеттеріне көңілің тола ма? (Өзіңнің және сыныптастарыңның білімін бағала). Осы бөлім бойынша тағы не білгің келеді? - Осы бөлім бойынша тағы қандай ақпарат көздерін оқисың?
Сабақтан келісімен ,Оспан сөмкесін лақтырып тастады да, үстел үстінде тұрған тамақты апыл-ғұпыл ішіп, ойнауға кетті. Ол кешке дейін доп қуды. Үйдегі інісі Мұрат сөмкесін мысықтың мойнына байлап, біраз сүйретті. Содан соң ішін ақтарды. Қарындаштарын өзінің қобдишасына салды. Кітаптарынан үй жасады. Ішіндегң суреттерін қарады. Қып-қызыл алмалар оған ұнап кетті. Оны жыртып алып, түкіріп-түкіріп төсегінің тұсына жапсырып қойды. Сөйтіп жүріп былғап алды, дәптердің бі-екі парағын жұлып алып, сүртемін дегенде, үсті -басын, бет-аузын да былғады.Осы сәтте ойына Оспан түсті де, дереу кітап, қағаздарды сөмкеге салды.Оспан сабаққа дайындалған жоқ, сөмкесін ертеңгі сабақ үстінде бір-ақ ашты. Кітап былғанған, дәптер жыртылған, қарындаш жоқ. Мұны көргенде ол бақырып жылап жібереді. Үй тапсырмасын орындамағаны сол кезде есіне түсті.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады. Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку