MafiiMan7204720
25.09.2022 00:53

Төмендегі берілген сөздерді орынды қолданып , мақала жазыңдар . Мәдениет, философия, тарих, халық , уақыт, материалдық, рухани, тұрмыс-тіршілік, дәстүр, табиғат, адам . КІМДЕ БАР​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nataliinfp0co9o
13.12.2021 11:34
Менің өз замандастарыма көзқарасым, қатынасым қандай, олар маған ұнайды ма, жоқпа- деген сұраққа біржақты жауап бере алмаймын. Бір жағынан мен өз замандастарымды ұната қоймаймын, екінші жағынан құрметтеймін. 
Ұнатпайтыным- алдыңғы буындағыларға қарағанда жан байлығы аздау сияқты,  ұнататыным- олар жаңа технологияларға тез үйренеді, күрделі ақпараттарды тез қабылдайды.
Қазіргі ұрпақтарды алдыңғылармен салыстыра отырып, қазір байлар
мен кедейлерге бөліну қатты білініп тұр деуге болады, бұл  жаман.
Қарама қарсы  топтағы екі адам бір-бірін түсінбейді, олар тек өте қажет жағдайда ғана араласуы мүмкін.
Менің көзқарасымда менің замандастарыма тәрбие жетіспейтін сияқты. Олар көпшілік жағдайда өздерін ешқандай кедергілер мен шектеулер жоқтай ұстайды. 
Көпшілік -қазіргі жастар қайырымсыз деп есептейді. Бұны мен былай түсіндіремін, қазір бәрі интернетке кіре алады, ал интернет кейде адамның психикасын бұзады. Ертеде адамдар бұндай ақпараттан қорғалған еді. Қатыгездіктің тағы бір түсініктемесі- киноэкрандарда, жалпы ақпарат құралдарында, компьютерлік ойындарда: қатыгездік бір шектен шығушылық емес, күнделікті қалыпты әдетке айналуда.
Мен барлық ұрпаққа бірдей мінездеме беру дұрыс емес деп ойлаймын, әр адам өзінше ерекше.
Біз ұрпақ туралы жалпы айтқанда әр түрлі адамдарды қосып жібереміз, мейірімділер мен қатыгездерді, салмақтылармен жеңіл ойдағыларды, ақылдылармен онша ақылды еместерді.
Адамзат мыңдаған жылдардан бері өсіп, дамып келеді және барлық заманда ұқсас сынақтардан өтеді, сонда да әркезде бір тырманы басады. Сатқындық, жалқаулық, махаббат-бұның бәрі жаңалық емес. Айырмашылық тек қоршаған жағдайда. Жағдай өзгерсе- адамдар қарым-қатынасы өзгереді. Мысалы: біздің ғасыр, жоғарғы технологиялар ғасыры, адамдар қатынасына көп өзгеріс енгізді: біз бір-бірімізге қонаққа аз барамыз, балалармен жасөспірімдер аулада ойнамайды. Осының нәтижесінде, бір-бірімізбен қатынасымыз бізден бұрынғылардан өзгеше.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Kvodan123
12.08.2022 00:08

Объяснение:

Күллі алаш жұртының даңқты перзенті, күрескер тұлғалы кемеңгер ақыны – Мағжан Жұмабаев (Әбілмағжан Бекенұлы). «Ақынның ақыны» атанған ойшыл қаламгер болашақ жайлы жиі ой қозғайтын. Бар болғаны қырық бес жыл ғұмыр кешкен (1893 жыл 25 маусым – 1938 жыл 19 наурыз) данышпан ақын барлық тақырыптарда өлеңдер мен ой- толғаулар жазған аса көрнекті дауылпаз азамат екені даусыз.Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыдыМағжан Бекенұлы Жұмабаев  1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.Мағжан бала кезінде ұшып-қонып бір жерде отыра алмайтын тас қайнаттың өзі болған. Қасында отыратын кісі табылмай қалса, шешесі кереуеттің аяғына байлап кетеді екен1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап "Педагогика" (1922, 1923), "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні" (1925) еңбектерін жазды. 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота