alex07042004
11.01.2022 11:48

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

1-2. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.

3. Қарамен жазылған сөздер мәтінде не үшін қолданылған?

4. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған?

5. «Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады» сөйлемі арқылы қазіргі жолаушыға баға беріңіз.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
нрпаллмаегли
25.05.2022 14:10

Мәтіннің атауы: Тіл

Tip Тірек сөздер: тіл, үлкен өнер, ерекше

қабілет, рухани даму, ұлы

қасиет, жетістіктерге жету, қарым

қатынас.

Негізгі ақпарат: Тіл ұлы қасиет.

Қосымша ақпарат: Тілім менің - таусылмайтын байлығым.

Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім.

Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана

тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы

алғашқы Әліппені таныдым. Содан бері

міне, өз ана тіліммен сусындап келемін.

Өз тарихымды танып білдім. Түған

тіліміздің абыройын асқақтату - әрбір

азаматтың борышы. Себебі, біздің

23:54

Қазақ тілі @

болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз,

мәдениетіміз осы тілімізде жатыр.

Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты,

білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды

етіп қалыптастыруда мемлекеттік

тіліміздің атқаратын қызметі өте

жоғары. Сондықтан да туған еліміздің

мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз.

Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге

қалған аманаты. Ата - баба мұрасын

жалғастыру, оның мәртебесін көтеру

мына баршамыздың міндетіміз,

парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз

бен жазушыларымыздың. даналардың

сөздерін, өлең - жырларын оқып

білеміз, олардан ғибрат аламыз.

" "Өнер алды - қызыл тіл" деген осыдан

шыққан болар. Елінің болашағын

ойлаған, құрметпен қараған әрбір

азамат ана тілін сақтап қалуы үшін

0,0(0 оценок)
Ответ:
Peleshok83
25.05.2022 14:10

емен ағашының бұталары кең жайылып өседі

емен ағашының жапырағының жиегі ирек, кесік және түзу түрлері де бар. Түсі қызыл, қоңыр, ашық жасыл. Бойы биіктеген сайын көлемі де ұлғайа түседі.

Емен ағашының діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Биіктігі – 40 метр, діңінің жуандығы (диаметрі бойынша) – 2 метрге дейін жетеді.Қабығы қоңыр сұр түсті қалың  болады.

Емен ағашының жаңғағы сопақтау,  сыртында қоңыр түсті, қатты, жылтыр қабығы болады.

Объяснение:

Емен туралы қосымша мәлімет

Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота