adwa113eПомошник
18.11.2022 02:36

. (Прочитайте текст и заполните таблицу ).

Қазақтар өзінің халық, ұлт болып қалыптасу жолын көне түркілер заманынан бастаса, оның жазу мәдениетінің тарихы да сол дәуірден бастау алады. Ол кездегі түріктердің тілін қолданылу барысына қарай , әдетте, тіл мамандары үш кезеңге бөліп қарастырады: а) тукю тілі қолданылған дәуір (V-VIII); ә) көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір (VIII-IX); б) көне қырғыз тілі қолданылған дәуір (X-XI). Осы кезеңдер ішінде Орхон-Енисей жазу ескерткіштері жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыздар мен қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған.
Орхон-Енисей жазуы Қытай іргесінен бастап Орта Азия, одан әрі Венгрия жеріне дейін тарап, кең жайылған. Оның қолданылу тарихы V және IX-X ғасырлар аралығын қамтиды. Тек X-XI ғасырдан бастап, Орхон-Енисей жазуының орнына біртіндеп ұйғыр жазуы, кейін түгелдей араб жазуы қолданылатын болды. X-XI ғасырлардан бастап қолданыла бастаған араб жазуы түркі халықтары тілдерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданылса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де қолданылды.
Бірақ соған қарамастан ол оншақты ғасыр бойы түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет еттіп келді.Қазақ грамматикасының дамуы, оның бірнеше рет өзгеріске түсуі ХХ ғасырдың бас кезінен басталады. Бұл өзгерістерді мынадай үш кезеңге бөлуге болады:Араб графикасын түркі халықтары тілдіренің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі; Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезең Латыннан кирилл жазуына көшу. (2) Араб графикасының қазақтың дыбыстық жүйесіне сай еместігін турколог ғалымдар ХІХ ғасырдың ІІ жартысында-ақ байқаған.

Мәтіннің тақырыбы:
Мәтіннің идеясы:

Сізге саяхаттау өте ұнайды. Ел-жер көру үшін кезекті саяхатыңызда пойызды емес, ұшақты таңдадыңыз. Жол үстіндегі көрген қызықты оқиғаңыз, кездескен кедергі мен ерекше әсеріңіз туралы 3 күніңізді сипаттайтын күнделік жазыңыз. Күнделігіңізде берілген афоризмді қолданыңыз.
(Ситуативное задание: вы для рутешествия выбрали не поезд, а самолет. напишите дневник, где описываете 3 дня, о том, что вы встречаетесь в пути с барьером и необычным впечатлением, об интересном событии, которое вы видите во время путешествии. Воспользуйтесь афоризмом, предоставленным в вашем дневнике).
Афоризмдер:
Жол сұрамай, жолға түспе.
Жол сұраған адаспайды.
Жолаушыны жол сынайды.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kek129
23.03.2020 19:50

«Қазақ солдаты» романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.

Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев. Ол 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.

Шеген – дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.

Бораш - өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.

Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин - Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.

Самед Абдоллаев – әзілқой жауынгер.

Семен Зонин - алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
anjelo4ka
04.02.2021 07:00

Саяхатқа шығу.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол - ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота