шағын мәтін АВТОБУСТА
Бір күні Айдос пен Самат екеуі мектептен шығып үйлеріне бет алды. Олар автобусқа отырды. Соңыра автобусқа үлкен жасты қария кірді. Оны көрген Айдос пен Самат орындарынан тұрып, әлгі қарияға орын берді. Оны көрген қария қуанып, балаларға бата беріп, жақсы тілектерін айтты.